5B050500 – Аймақтану

Шифр-мамандықтың атауы:

5B050500 – Аймақтану

Оқу түрі, мерзімі:

күндізгі бөлім – 4 жыл

Берілетін дәреже:

Аймақтану бакалавры

Кәсіби қызметінің саласы:

Аймақтану бакалавры келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:
– ақпараттық-шығармашылық;
– ақпараттық-референттік;
– басқару;
– кеңес беруші-эксперттік (әлемдік саясат, дипломатия, ұлттық немесе аймақтық сыртқы саясат мәселелері бойынша білікті кеңес беру және эксперт рөлінде қызмет атқару);
– білім беру (елдің орта оқу орындарында қазіргі қоғамның гуманитарлық мәселелерін шешу барысында әлеуметтік жауапкершілікті атқару; елдегі білім беруді жетілдіруге қолғабыс ету).

Кәсіби қызметінің нысандары:

«Аймақтану» мамандығы түлектері өңірлік саясат, аймақтық экономикалық процестер, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты, әлемдік мәселелерге ықпал ете алатын халықаралық ұйымдар, биліктегі жергілікті органдарда, коммерциялық құрылымдар, менеджмент пен іс жүргізу салаларында қызмет жасай алады.