5В011400 – Тарих

Шифр-мамандықтың атауы:

5В011400 – Тарих

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):

2015 жылдың сәуір айында «Аккредиттеудің және рейтингтің тәуелсіз Агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 5 жылға сәтті өтті.

Оқу түрі, мерзімі:

Күндізгі: 4 жыл, 3 жыл;
сырттай: 3 жыл; 2 жыл

Берілетін дәреже:

5В011400 – Тарих мамандығы бойынша білім бакалавры

Кәсіби қызметінің саласы:

– білім беру саласы;
– ғылым саласы;
– мәдениет және ескерткіштерді қорғау саласы;
– мемлекеттік-басқару секторы.

Кәсіби қызметінің нысандары:

жалпы және арнайы мамандандырылған мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер және басқа да орта арнайы оқу орындары, мемлекеттік мекемелер, музейлер, архивтер, ғылыми зерттеу институттары, баспалар, кітапханалар, педагогикалық, тарихи білім беру кабинеттері және білім беру мекемелері.

Кәсіби қызметінің пәні:

Тарих, қосалқы тарихи пәндер, дінтану, қоғамдық пәндер

Кәсіби қызметінің түрлері:

– білім беру саласында (педагогикалық): жалпы орта, орта кәсіптік оқу орындарында мұғалім (оқытушы) ретінде;
– тәрбиелік: қосымша білімі бар оқытушы-әдіскер, бөлім басқарушысы және мекемелерде мектептен тыс білім беру, академиялық институттарда және жоғары оқу орындарында кіші ғылыми қызметкерлер, аға ғылыми қызметкерлер болу;
– жобалау: жоба институттарында және мекемелерінде оқулықтардың редакторлары, кеңесші ретінде.

Практика базалары:

Ақтөбе қаласы мектептері; Ақтөбе облысы аудандарының мектептері; Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі; Ақтөбе облыстық мемлекеттік архиві.