28.03.2020 ж. сағат 15.00-де факультет деканы Г.Ы. Купеновамен жоспарланған онлайн кураторлар жиналысы өтті

28.03.2020 ж. сағат 15.00-де факультет деканы Г.Ы. Купеновамен жоспарланған онлайн кураторлар жиналысы өтті. Студенттердің “Zoom” бағдарламасы бойынша сабаққа толық қатысымы, тәртібі, киім кию және сөйлеу мәдениеті бойынша сөз қозғалды. Факультет мамандықтары бойынша 2 аптада сабаққа қатысым 77-80% құрайды. Студенттердің арасында облыстан, басқа да қалалардан, шалғай елді-мекендерден келіп оқыған студенттердің әлеуметтік желілерге кіре алмауы мәселесі көтерілді. Олар тапсырмаларын универ жүйесі, электронды почта және телефон арқылы тапсырып, отыратындығы кураторлардың басты назарында болды.