5В011600 – География

Шифр – мамандықтың атауы:

5В011600 – География

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):

2016 жылдың қазан айында «Аккредиттеудің және рейтингтің тәуелсіз Агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 5 жылға сәтті өтті

Оқу түрі, мерзімі:

Күндізгі: 4 жыл, 3 жыл;
сырттай: 3 жыл, 2 жыл.

Берілетін дәреже:

5В011600 – География мамандығы бойынша білім бакалавры

Кәсіби қызметінің саласы:

– білім (орта мектепте, лицейде, гимназияларда, колледждерде география пәні мұғалімі);
– басқару (білім бөлімдері мен инфрақұрылымдарда, әкімшілік пен жоспарлау ұйымдарында өндіріс салаларын ұйымдастыру және қызмет көрсету секторы, табиғаттты қорғау және экология);
– ғылым (ғылыми – зерттеушілік және конструкторлық жобалау ұйымдарды: география, геология, экология, картография);
– гидрология, сейсмология, топырақ географиясы және т.б.

Кәсіби қызметінің нысандары:

Орта, арнайы орта, кәсіби оқу орындары, ғылыми зерттеу ұйымдары, басқару саласы, гидрометеорологиялық, туристік станциялар, орталықтар, мектептен тыс білім және тәрбие беру мекемелері және т.б.

Кәсіби қызметінің пәні:

Білім іс-әрекеті, тәрбие беру, жаңа технологияларды қолдану, оқу- құралдарды дайындау және шығару.

Кәсіби қызметінің түрлері:

– білім беру (педагогикалық) саласында: оқу орындарында география пәні мұғалімі және экология мен экономика негіздері бойынша факультативтік курстарды жүргізу (орта мектепте, лицейде, гимназияларда, колледждерде), мектепте туристік- өлкетану және экологиялық жұмыстарды ұйымдастыру;
– ғылыми – зерттеушілік: түрлі ұйымдарда кәсіби пәндер бойынша ғылыми- зерттеу жұмыстарын орындау (география, геология, экология, картография, гидрология, метеорология, туризм және т.б.);
– жобалау жұмыстары, жобалау және конструкторлық мекемелерде жалпы және арнаулы жобалар мен сұраныстарды орындау (топографиялық түсірім, карталарды жасау, метеоалаңдар), экологиялық соқпақ, рекреация, су басу, қайта құру, аудандық жоспарлау (мысалы, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, табиғи және әлеуметтік-экономикалық нысандарды және т.б.);
– түрлі деңгейдегі мемлекеттік құрылымдарды өндірістік – басқару іс- әрекеті ( білім беру бөлімдері, әкімшілік, табиғатты қорғау және жер ресурстары бөлімдері, туристік өлкетану және табиғатты қорғау ұйымдары және т.б.), (жобалар экспертизасы, жоспарлар, бағдарламалар, елдердің, аймақтардың, елді мекендердің, қалалардың даму болжамдарын жасау, бағалау процедуралары, жобаларды негіздемелеу және т.б.);
– табиғи орта мониторингі жүйесінде, жер бөлімі және табиғатты қорғау ұйымдарында туристік- өлкетану және экологиялық кәсіпорындарда және т.б. инженер ретінде ұйымдастыру-технологиялық іс-әрекеттерін жүзеге асыру.

Практика базалары:

Ақтөбе қаласы мен облысының орта мектептері, Ақтөбе облыстық планетарий (директор – Булеков К.Ш.), Ақтөбе облыстық тарихи – мәдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы (директор- Мамедов А.М.).