Тәжірибе алмасу

16.04.2020 тарих факультетінің 2019-2020 оқу жылының 1 жартыжылдығында академиялық ұтқырлық бағдарламасымен шетелде оқып келген студенттері есеп берді. Аталған жартылдықта факультеттен 5 студент Сакарья, Кастамону және А.С. Пушкин атындағы Ленинград мемлекеттік университетінде білімдерін шыңдаған болатын. Есеп беру барысында студенттер шетелде оқу процесінің ұйымдастырылу ерекшеліктеріне тоқталып, олар үшін үлкен тәжірибе алмасу болғанын жеткізді.