5В090200 – Туризм

Шифр – мамандықтың атауы:

5В090200 – Туризм

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):

2017 жылдың қазан айында «Аккредиттеудің және рейтингтің тәуелсіз Агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтті

Оқу түрі, мерзімі:

Күндізгі: 4 жыл, 3 жыл

Берілетін дәреже:

5В090200 – Туризм мамандығы бойынша қызмет көрсету саласындағы бакалавры

Кәсіби қызметінің саласы:

Туризм мен қонақжайлық индустриясы, ғылым, білім, мемлекеттік басқару және адам қызметтерінің туризммен байланысы бар басқа да аялары болып табылады.

Кәсіби қызметінің нысандары:

– туристік кәсіпорындарымен байланысты мемлекеттік басқару ұйымдары (министрлік, әкімшілік, олардың аймақтық бөлімдері және тармақтары);
– туристік бизнеспен айналысатын мемлекеттік және жеке компаниялар;
– туристік саладағы консалтинтік компаниялар;
– туристік кәсіпорындардың маркетингтік қызметтері;
– туризмнің әр түрлі инфрақұрылымдарының салалары;
– туризм орта дәрежелі мамандарын дайындайтын оқу орындары;
– Қазақстан аймағындағы, дүниежүзілік қоғамдағы, туризмнің даму болашағы және жағдайымен айналысатын ғылыми-зерттеу бөлімдері;
– ішкі және сыртқы нарыққа туристік қызметті ұсынудағы жарнамалық агенттіктер;
– «Туризм» мамандығы бойынша магистратура;
– төтенше жағдайлар бойынша Министрлігінің жүйесі ұйымдары;
– іс-әрекеті ЖОО кеңестері белгілеген мамандықтармен байланысты басқа мекемелер мен компаниялар.

Кәсіби қызметінің пәні:

Туристік іс-әрекеті, туристік бизнес

Кәсіби қызметінің түрлері:

– ұйымдастыру-басқару;
– өндірістік-технологиялық;
– сервистік-эксплуатациялық;
– ғылыми-зерттеушілік;
– білім беру (педагогикалық);
– туристік-рекреациялық;
– профилактикалық және іздеу-құтқару.

Практика базалары:

«Зере Тур» туристік фирмасы (директор – Крамбаева Б.Х.), Қалалық жас өспірім туристер станция (директор – Жанайдаров Ж.Т.), Ақтөбе облыстық планетарий (директор – Булеков К.Ш.), Ақтөбе облыстық тарихи – мәдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы (директор – Мамедов А.М.).