Қола жүлде қанжығаңызға байланды

Бүгін 5 мамыр күні С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ті экология және география кафедрасында 5В011600 – “География” мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасындағы қашықтықтан ХII республикалық пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиадаға 17 жоғары оқу орындарынан 33 студент қатысты. Олимпиада 1 кезең тест сұрақтарын шешу (теориялық) және 2 кезең практикалық сұрақтарға жауап беру (практикалық) түрінде өткізілді.

Комиссия мүшелерінің шешімімен ХII Республикалық пән аралық олимпиадасында жеке есеп бойынша
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік мемлекеттік университетінің “География – Тарих” мамандығының 1 курс студенті Балғабеков Айдын – III орынды иелендi. Ғылыми жетекшісі – г.ғ.к., қауымдастырылған профессор Сергеева Айгүл Мақсатқызы.

Қатысушы студенттер мен жетекшілері олимпиаданың қашықтықтан өткізу форматы бірінші рет өткенін атап өтіп және де ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.