Олимпиададағы жеңіс

Бүгін 12 мамыр күні С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да 29 сәуір күні Ұлағатты ұстаз, КСРО халық мұғалімі Нұрғалиев Құмаш Нұрғалиұлына арналған халықаралық және республикалық деңгейдегі 6В11101 – Туризм мамандығы бойынша қашықтықтан өткізілген олимпиада қорытындысы шықты. Олимпиада 2 турдан тұрды. 1 кезең – «Цифрландыру және виртуальды туризм» тақырыбында жоба қорғау болса( презентация түрінде), 2 кезең – осы тақырыпта видео ролик әзірлеу болды. Олимпиада қорытындысы бойынша, университетіміздің атынан қатысқан құрама команда – Спанова Диана, Абдрахман Амина, Досмырза Дана 2 орынды иеленді. Ғылыми жетекшілері: т.ғ.к., аға оқытушы – Әбденов Айдын Жақсанұлы және география және туризм кафедрасының оқытушысы Өмірзақова Мирослава Жамбылқызы.