Тарихи сәт

13 мамырда сағат 12.00 – де (Ақтөбе уақыты) Ресей мен Қазақстанның белгілі тарихшылары-з.ғ. к., доцент Р. Ю. Почекаев (Санкт-Петербург), т. ғ. д., профессор Б. Б. Кәрібаев (Алматы), т. ғ. д., профессор А. К. Мұхтар (Атырау), т. ғ. д., профессор Т. С. Жұмағанбетовтың қатысуымен “Жошы ұлысының егемендігіне 750 жыл” тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Дөңгелек үстел барысында Жошы ұлысының құқықтық жүйесі: Өзбек ханның реформасына дейін және одан кейін, Ақ Орда сұлтандары мен Тимуридтер Алтын Орда тарихының соңында, Жошы ұлысының экономикасындағы қалалардың рөлі, Жошы ұлысындағы Қоғамдық құқық және мемлекеттік басқару сияқты мәселелер талқыланады.