“Туризм” мамандығының жаңартылған білім бағдарламасы

Құрметті талапкерлер! Сіздерге біздің “Туризм, minor-маркетинг,minor-аударма ісі” жаңа бағдарламасын ашқанымызды асыға хабарлаймыз! Бұл сіздерде екі мамандық болады дегенді білдіреді. “Туризм” мамандығына түскенде сіз қосымша білім бағдарламасын, яғни маркетинг немесе аударма ісі, таңдай аласыз. Және оқуыңызды аяқтағанда, дипломмен бірге сіз таңдаған қосымша білім бағдарламасының сертификатын алып шығасыз.