Туризм

07.09.2020 жылы Туризм – 206 және Туризм – 105 топтарының кураторы Мирослава Жамбылқызының ұйымдастыруымен онлайн ашық тәрбие сағаты  өтті. Сабақтың тақырыбы: ” Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынов” . Ұлы ұстаздың 143  жылдығына арналған сабақ қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді. Сабақтың басында топ старосталары сабақтың жоспарымен таныстыру жасады. Ахмет Байтұрсыновтың өмір жолы мен шығармашылығы, өз ұлты үшін сіңірген еңбегі туралы екі тілде баяндама оқылды. Викториналық сұрақтар қойылды. Осы арқылы ұстаз туралы біраз ақпарат алынған болатын.