2020 жылдың 24 желтоқсанында…

2020 жылдың 24 желтоқсанында Қ.Жұбанов​ атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Т.Айбергенов атындағы мәжіліс залында осы университеттің Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаменті және Тарих факультетінің ұйымдастыруымен Жас келіндер мектебінің «Шешендік сөздер. Қарашаш сұлудың шешендігі» атты тәрбиелік маңызы бар кездесу өткізілді.

Кездесуді Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің директоры Сатыбалдина Карылгаш Туретаевна және Тарих факультетінің деканы т.ғ.к., доцент Купенова Гульмира Ықласқызы ашты. Сонымен бірге кездесуге Тарих факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Тасқымбаева Рая Баймұратқызы қатынасты.
Кездесуді Тарих және дінтану кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к., «Жас келіндер мектебі» жетекшісі Оразаева Жазира Жарасқызы модератор болып жүргізді.

Кездесуге қоғам белсенділері: Ақын, «Қазақстан патриоты» төсбелгісінің иегері, «Руханият» клубының жетекшісі Абдуллина Ж.О., Ардагер ұстаз, ақын, суретші Қайдасов С.Қ., Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар Кеңесінің төрайымы Қалиева Ж.Ш., ҚР білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин белгісінің иегері, М.Құсайынов атындағы мамандандырылған дарынды балалар-мектеп интернатының қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Жаналина А.А., Қ.Жұбанов ат. АӨУ Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру​ кафедрасының доценті, п.ғ.к. Туретаева Г.І., Ақтөбе қаласының №31 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Ідірісова О.Б., Баишев атындағы жоғары медициналық колледжінің оқытушысы, дәрігер, тренинг жүргізуші, «Абзал жандар» клубының жетекшісі Есенғазы Н.І., Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің бұқаралық-экскурсия бөлімінің меңгерушісі, «Шолпы» клубының жетекшісі Сарыбай А.С. және студент жастар қатысты.

​ Кездесуге қатысушылар жастарға өнегелі тәрбиелік маңызы бар баяндамалар жасап, жастарды қазақ халқының ұлттық құндылықтарымен сусындатты. Шешендік өнердің қалыптасуына және халық ауыз әдебиетінің дамуына зер салынды.

Кездесу Zoom платформасында тікелей көрсетілді оған Тарих және Дінтану мамандығының 3 курс студенттері қатысты.