Халықаралық ғылыми-практикалық конференция!

2021 жылдың 9-шы сәуір күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Ғылым апталығы – 2021» аясында және Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «География, жасыл экономика, экология және туризм контекстінде тұрақты дамуды қамтамасыз ету» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференцияға төрт секция бойынша елу ғылыми мақала қабылданды. Олардың қатарында Ресей, Өзбекстан, Қарақалпастан және еліміздің белді ЖОО-ның ғалымдары, магистранттары мен студенттерінің мақалалары болды.

Пленарлық отырыста үздік деп танылған 6 мақала авторлары баяндама жасады. Олар:

  1. Ажинияз атындағы Нукусс мемлекеттік педагогикалық институты, г.ғ.к., доцент Сейтниязов Кошкарбай Матенович. Тақырыбы: «Некоторые вопросы о стандартизации топонимов Каракалпакии»;
  2. Самарканд мемлекеттік университеті, г.ғ.к., доценттер Равшанов Аликул Худайбердиевич, Усманов Маруфджан Рустамович. Тақырыбы: «Природные памятники-уникальные объекты туризма»;
  3. Башқұртстан мемлекеттік университеті, студент Герасимова Арианна. Тақырыбы: «Проблемы и потенциал развития внутреннего туризма в Санкт-Петербурге»;
  4. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, п.ғ.к., география кафедрасының профессор м.а. Мамирова Куляш Нурбергеновна. Тақырыбы: «Изучение духовных святынь территории Казахстана в ВУЗе»;
  5. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, магистрант Хамит Алтынбек Болатбекұлы. Тақырыбы: «Балқаш көлі мен оның маңын геоэкологиялық зерттеу аспектілері»;
  6. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, г.ғ.к., қауымдастырылған профессоры Сергеева Айгул Максатовна, студент Ташеменов Куаныш Нурбергенович. Тақырыбы: «Ақтөбе облысына «SMART-VILLAGE» концепциясының элементтерін енгізу».

Көршілес елдер мен отандық ғалымдардың қатысуымен өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда география, экология, топонимика, туризм және өлкетану салаларының өзекті мәселелері қызу талқыға түсті. Әсіресе жер-су атаулары, ішкі туризм мен «ақылды ауылдар» тақырыбында қатысушылар тарапынан біршама сұрақтар қойылды.

Конференцияға мақала әзірлеп, белсенді қатысушыларға сертификат және баяндама жасаған ғалымдар мен жас зерттеушілерге университет басшылығы атынан Алғыс хаттар табысталады.