9 сәуірде Ғылым аптасының аясында

9 сәуірде Ғылым аптасының аясында «Қазіргі ғылым және технологиялар дәуіріндегі философия» атты ғылыми семинар өтті. Бұл шараға «Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, «Жұбановтану» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері, еліміздің басқа да алдыңғы қатарлы университеттерінің ғалымдары, студенттер және барлық қызығушылық танытқан тұлғалар қатысты. Кіріспе сөзді «Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Сәрсембин Үмбетхан Қуандықұлы сөйледі. Ол қатысушыларға баяндамашыларды таныстырып өтті.

Л.Гумилев атындағы ЕҰУ философия кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Әубәкіров Еркін Нысанбеков, «Жұбановтану» ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, тарих магистрі Ильясов Ермек Ерғалиұлы, «Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к. Нұрғалиев Нұрбек Әбиболлаұлы баяндамамен сөз сөйледі.

Ғылыми семинар барысында тыңдаушылардың тарапынан философия ғылымы мен оның құрамдас бөліктері жөнінде, атап айтқанда саясат философиясы туралы сұрақтар қойылды. Ең көп қызығушылық тудырған сұрақ адамның қазіргі әлемдегі орны мен адами сананы жасанды интеллектпен ауыстыру мүмкіндіктері жөніндегі сұрақ болды. Ғылыми семинардың қонағы Л.Гумилев атындағы ЕҰУ философия кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Әубәкіров Еркін Нысанбеков атап өткендей, заманауи роботтар жоғары потенциалға ие, дегенмен олардың адамның орнын алып, адамды барлық салаларда алмастыра алмайды.