Бөкей Ордасы: тарихы мен зерттелуі

Бүгін, 16 сәуір күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде  тарих және дінтану кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Н.С.Аликулова жетекшілік жасайтын «Тарихи-таным» ғылыми үйірмесінің ұйымдастыруымен, ел тарихындағы өзіндік орны бар – Бөкей Ордасының құрылғанына -220 жыл толуына орай, «Бөкей Ордасы: тарихы мен зерттелуі» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге тарих факультеті оқытушылары, студенттері, магистранттары және М.Оспанов ат. Батыс Қазақстан медицина университетінің тарихшысы, Бөкей Ордасының қазіргі кездегі «Хан ордасы» ауылының тумасы, «Жәңгір мектебінің» түлегі Алима Кенжеғалиқызы Мұхамбетғалиева қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Бөкей Ордасы тарихы туралы тарихи – деректі фильм көрсетілді. Дөңгелек үстел қонағы А.К. Мұхамбетғалиева Бөкей Ордасы тарихы мен қазіргі тыныс –тіршілігі, Жәңгір хан мен оның әйелі Фатима ханша туралы қызықты, құнды мәліметтерімен бөлісіп, «Хан Ордасы» ауылына, ондағы тарихи орындарға виртуальды саяхат ұйымдастырды.

Сонымен қатар, Бөкей Ордасы тарихының зерттелуі туралы – магистрант А.А.Асылбек, ҚР орталық мемлекеттік архиві мен Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік архиві қорларындағы Орда тарихына қатысты деректер туралы – «Тарих-Дінтану» мамандығының студенті Н.Досов, Бөкей Ордасының құрылуы және  территориясы, әкімшілік құрылымы туралы «Тарих» мамандығының студенттері М.Аманжолова,  М.Ескуатов, Ішкі Ордасының саяси тарихы және шаруашылығы  туралы «Тарих-Дінтану» мамандығының студенттері Д.Бердібай, Е.Абиев,  Бөкей Ордасындағы мәдени реформалар туралы – «Тарих-Дінтану» мамандығының студенті К.Керімберді, Ішкі Ордадағы 1836-1838 жылдардағы шаруалар көтерілістің зерттелуі туралы  – «Тарих-Дінтану» мамандығының студенті Ә.Файзулла, Махамбет пен Исатай көтерілісінің себебі мен барысы туралы «Тарих-Дінтану» мамандығының студенті А.Дәрібаева, көтерілістің салдары мен тарихи маңызы туралы – «Тарих-Дінтану» мамандығының студенттері А.Шаукебаева, Г.Жалғасбайқызы, Бөкей Ордасының қазақ елі тарихындағы орны турасында – магистрант А.М.Васильева және Ордадан шыққан тарихи тұлғалар: Бөкей хан, Жәңгір хан, Махамбет батыр, Исатай батыр, Ғабайдолла Жәңгіров, Шеңгерей Жәңгіров, Мұхамедсалық Бабажанов, Бақтыгерей Құлманов т.б. өмірі, қоғамдық-саяси қызметтері туралы -«Тарих» мамандығының 1-курс студенттері М.Сайранова, Г.Алтынбаева және  «Тарих-Дінтану» мамандығының студенттері К.Керімберді, Н.Досов т.б.  құнды баяндап, көпке таныс емес мәліметтерімен ой бөлісті.