2021 жылдың 16 сәуірінде А.Байтұрсынов атындағы…

2021 жылдың 16 сәуірінде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде «География » білім беру бағдарламасы бойынша XIII Республикалық пәндік олимпиада өтті. Республикалық пәндік олимпиадаға 21 команда қатысты. Олимпиада 2 кезеңнен тұрды: 1 кезең – теориялық (онлайн тест тапсырмалары); 2 кезең – практикалық 3 тапсырма берілді. Олимпиада қорытындысы бойынша жеке есепте – Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті студенті Бурбаева Гулнура Саламатовна II орын алса, командалық есепте университет командасы ( Балғабеков А., Бурбаева Г.С.) III орынды иеленді.Жетекшісі: г.ғ.к., қауымдастырылған профессор Сергеева Айгул Максатовна. Құттықтаймыз!