Ұлттық құндылықтар негізінде тарих, география пәндерін оқыту: теория және тәжірибе

2021 жылдың 22- сәуір күні Қ.Жұбанов атындағы АӨУ-ң жоспарына сай Тарих факультетінде

«Ұлттық құндылықтар негізінде тарих, география пәндерін оқыту: теория және тәжірибе» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өтті.

Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары.

Ғасырдан-ғасырға жеткен халықтың қазынасы – тілі, ділі, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы. Сол құндылықтардың арқасында біз өзіміздің халықтық қалпымызды сақтап, әлемге танылып отырмыз. Сондықтан да, кешеден бүгінге сол құндылықтарымыз  қалай жетті, ертеңгі күнге жеткізе аламыз ба деген қазіргі таңның өзекті мәселесі бүгінгі әдістемелік семинар тақырыбы ретінде алынды.

Тарих факультетінің ұйымдастыруымен Zoom форматында өткен облыстық әдістемелік семинарға 100- астам адам қатысты. Жалпы облыстық деңгейде жоспарланған әдістемелік семинар жарнамасы әлеуметтік желілерде жариялануы арқылы семинарға қатысушылар географиясы облыс деңгейінен шығып, Қазақстанның бірнеше облысының білім беру мекемелерінің өкілдерін қатысуымен ерекшеленді. Қатысушылар құрамында Ақтобе қаласы мен обылыс  аудандарыннан ЖББОМ-ң  директорлары, пән  мұғалімдері, Қызылорда облысы, Алматы қаласынан тарих және география пәні мұғалімдері, Батыс Қазақстан облысынан  аудандық білім бөлімі әдіскері, ғылыми-әдістемелік орталық мамандары, М.Тынышбаев Ақтау көлік колледжі, Алға индустриалдық- техникалық колледж оқытушысы, Тарих факультеті студенттері, т.б. болды.

Семинар барысында Ұлттық құндылықтар ұлт руханиятының негіздері»тақырыбында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Қазақстан халықтар Ассамблеясы және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Сарсембин Үмбетхан Қуандықұлы, «Ұлттық құндылық  ерекшеліктерін оқу процесінде пайдалану» тақырыбында Тарих және дінтану кафедрасының оқытушысы, т.ғ.к., доцент Абенов Даулет Құсайынұлы, «Ұлттық құндылықтарды ЖОО-да білім беру процесіне енгізудің жолдары» тақырыбында Университеттің оқу-әдістемелік жұмыстар және қашықтықтан білім беру орталығының жетекшісі  Кадыркулова Айнұр Нұраддинқызы, «Орталықтың ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі ролі» тақырыбында Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығы КММ бас инспекторы Алиасқарова Маржан Молдахметовна,  «Қазақстанның және Ақтөбе облысының киелі жерлер географиясын оқыту әдістерін жетілдіру жолдары» тақырыбында, География және туризм кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент. – Абденов Айдын Жақсанұлы, «Білім-инновация лицейлерінде ұлттық құндылықтардың мүмкіндіктерін пайдалану тәжірибесі» тақырыбында, Ақтөбе қыздар Білім-инновация лицейінің жоғары санатты география пәні мұғалімі, педагог – зерттеуші, педагогика ғылымдарының магистрі Саулеева Элмира Дойырбайқызы, «Ұлттық құндылықтарға деген мектеп оқушыларының қызығушылығын арттыру жолдары» тақырыбында №4 Қандыағаш қалалық  ЖББ орта мектебінің география пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Ордабаева Жұлдыз Бақытқызы жасаған баяндамалар ерекше қызығушылық туғызып, қатысушылар тарапынан жоғары бағаға ие болды.

Пікір алмасу барысында семинарға қатысушылар ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдіре отырып, өз ұсыныстарын да жеткізді. Әсіресе, осындай тақырыптағы әдістемелік семинарлар жалғасын тапса, облысаралық деңгейде тәжірибе алмассақ, Университет- Мектеп- Тарихи жерлер үштігін құру, т.б. ұсыныстар көпшілік қолдауына ие болды.

Семинар білім мен тәрбие  беру процесіндегі өзекті мәселе туралы ой қозғап, тәжірибе бөлісу мақсатына қол жеткізді.

Семинар модераторы Тарих факультеті әдістемелік кеңес төрағасы Айдарова Ақмарал Зияшқызы семинардығы баяндамашыларымыздың ортаға салған  құнды ойларын  қорытындылай келе, бүгінгі таңда ұлтымыздың рухани байлықтарын көзіміздің қарашығындай сақтап, келешекке жеткіземіз деген мақсатпен ел болып бірлесе жұмыстар жүргізу маңызды екенін атап, қатысушыларға осы мақсатта тер төгіп,  тамшыдай болса да өз үлестерін қосып, өз тәжірибелерімен бөліскен әріптестерге үлкен рахмет айта отырып қатысушылар тарапынан жоғары бағаға ие болған семинар жұмысын аяқтады.