2021 жылдың 28 – 30.04 күндері аралығында Қ.А. Ясауи атындағы…

2021 жылдың 28 – 30.04 күндері аралығында Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті базасында «Туризм» мамандығы бойынша   XIІІ Республикалық студенттік пәндік Олимпиадасы өтті. Олимпиада 3 этаптан тұрды:
1 – этап  «Қазақстан өңірлерінде ұлттық туристік брендті қалыптастыру мен жылжыту әдістері» тақырыбында эссе жазу
2 – этап  «Қазақстан өңірлерінде ұлттық туристік брендті қалыптастыру мен жылжыту әдістері» тақырыбында жоба қорғау
3 – этап “Белсенді туризмнің техникасы мен тактикасы” бойынша тест тапсырмаларын орындау. Олимпиадаға университетімізден 6В11101 – Туризм ББ 2 курс (Ордабаева Нұрайым, Досмырза Дана, Ауданбай Нұртілеу), 5В090200 – Туризм ББ 3 курс (Сейилжанов Мади) студенттерінен құралған “Zhubanov university” командасы қатысты. Жетекшілері: Сергеева Айгул Максатовна, Өмірзақова Мирослава Жамбылқызы.  Олимпиада қорытындысы бойынша Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің командасы жүлделі 3 орынды иеленді.  Құттықтаймыз!