Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і ұйымдастыруымен 2021 жылдың 29…

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і ұйымдастыруымен 2021 жылдың 29 сәуірінде, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасындағы 2020-2021 оқу жылының ХІІІ Республикалық дінтану және теология пән олимпиадасы өтті.

Республикалық олимпиадаға дінтану және теология мамандықтары бойынша оқитын 7 команда қатысты. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінен, Тарих факультетінің 5В013000 -Тарих-Дінтану» мандығында оқитын 3-курс студенттері қатысты: Досов Нұрбек Елдосұлы, Шаукебаева Айдана Өмірзаққызы, Жалғасбайқызы Гүлфариза.

Олимпиада 3 кезеңнен тұрды:
I кезеңде – «Топтық жоба» – «Тәуелсіздік жылдарындағы дін: зайырлы мемлекеттің қазақстандық моделі» тақырыбында дайындалған еркін форматтағы топпен жасалған жұмысты таныстыру және қорғау болса, II кезеңде «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» – теориялық білімді тексеруге арналған «Kahoot» жүйесіндегі тест тапсырмаларына жауап іздеді. III кезеңде «Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы» – студенттердің Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекет саясатының принциптерін, Қазақстан Республикасында таралған конфессиялар қызметін білу деңгейін анықтауға арналған бөлім болып, онда өз ойларын дәлелдеуге ұмтылды.

3 кезеңнің қорытындысы бойынша командалық есепте
1️⃣орынды Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

2️⃣орынды Нұр Мүбарак Египет ИМУ

3️⃣орынды Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен А.Яссауи атындағы ХҚТУ студенттері иеленді.

Ақтөбелік команда жетекшісі: «Тарих-Дінтану» кафедрасының аға оқытушысы, тарих-педагогика магистрі Сайынов Дәурен Абайбекұлы.

Олимпиадада университетіміздің намысын қорғап, жүлделі 3 орынға ие болған студенттеріміз Досов Нұрбек, Шаукебаева Айдана, Жалғасбайқызы Гүлфаризаны құттықтаймыз!