Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде 2021 жылдың 27 мамырында…

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде 2021 жылдың 27 мамырында «Қазақстандағы ашарлық пен қуғын-сүргін: тарихы мен тағылымы» атты республикалық  ғылыми  конференция өтті. Конференция барысында Қазақстанда жүргізілген қуғын-сүргін шараларын  зерттеудің теориялық-әдіснамалық ерекшеліктері; Қазақстандағы ашаршылық; күштеп ұжымдастыру және шаруа көтерілістері; 1931-1933 жж. ашаршылық және қазақ қоныс аударушыларының тағдыры; Қазақстандағы 1920-1950 жж. саяси қуғын-сүргін және шаруалар тағдыры; қуғын-сүргін мен ашаршылық мәселесінің Отандық тарихнама мен мектеп оқулықтарындағы көрінісі және т.б. өзекті мәселелер талқыланды..

Конференцияның жұмысы барысында Қ.Жұбанов  атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғылыми кітапханасы «Тарихтан тағылым – өткенге  тағзым» тақырыбында көрме ұйымдастырды. Сол сияқты Ақтөбе  облыстық мемлекеттік архиві құжаттар эспозициясын, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің музейі өзінің арнайы көрмесін ұсынды.

Конференция жұмысы барысында Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Басқарма төрағасы-Ректор м.а., профессор Р. А. Бекназаров, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Б.О. Елеусінова сөз сөйлеп, шараны ашты. Р.Бекназаров зұлмат жылдардағы оқиғалар туралы сөз қозғап, іс-шараның маңыздылығына тоқтады. Жиында республикаға танымал ғалымдар мен тарихшылар да сөз сөйлеп, баяндама жасады. Олардың ішінде  Айталы А.Ә. (Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті профессоры, ф.ғ.д.), Омарбеков Т.О. (Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, т.ғ.д.), Орда Г. (М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының профессоры, фил.ғ.д.), Смагулова С.О. (Ғылым Ордасының жетекші қызметкері, профессор, т.ғ.д.), Исмагулов Ұ.Ш. (т.ғ.д., профессор, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті), Әбенов Д.Қ. (Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті т.ғ.к., доцент), Сәрсембина Қ.Қ. (Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің доценті, т.ғ.к.) бар.