Музей археологтарының жетекшілігімен “Қурайлы ІІІ” қорымында…

✅Музей археологтарының жетекшілігімен “Қурайлы ІІІ” қорымында жүргізіліп жатырған археологиялық қазба жұмыстарында “Тарих факультетінің” студенттері оқу-тәжірибесінен өтіп жатыр. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті ректорының міндетін атқарушы, т.ғ.д. Бекназаров Рахым Ағыбайұлы, т.ғ.к. Маден Асылбек Төреханұлы және 1- курс студенттерінің кураторы, аға оқытушы Ли Инна Климентьевна студенттермен кездесіп, жүргізіліп жатырған қазба жұмысымен танысты.
✅Рахым Ағыбайұлы жыл сайынғы дәстүрлі түрде өткізілетін оқу-практикасының пайдасы мен маңыздылығана тоқталып өтті. Болашақ тарихшы мамандарға берілген үлкен мүмкіндік екенін айтып, қал-жағдайларын білісті.