Тарих факультетінің деканы

Тарих факультетінің деканы


Купенова Гульмира Ыхласқызы

Лауазымы: Тарих факультетінің деканы

Ғылыми атағы: Тарих ғылымдарының кандидаты

Ғылыми дәрежесі: Доцент

Телефон: + 7 (778) 467-28-08

E-mail: gulia_79_79@inbox.ru

Мекен-жайы: Актобе қ., Тургенев к., 100а, 204 кабинет


 

Білімі

1994 жылы  Ақтөбе педагогикалық институтының “Тарих және мемлекеттік құқық”  мамандығы бойынша оқып,  тарих және құқық мұғалімі біліктілігін алды.

1998 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰ университетіне  “Дүниежүзі тарихы” мамандығы бойынша аспирантураға түсіп,  2002 жылы 07.00.03 – Әлем тарихы мамандығы бойынша ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы мектептік  білім беру саласындағы патша саясаты, Орынбор оқу округінің мысалында” кандидаттық диссертация қорғады.

Еңбек қызметі

1994 жылы бағытталған тарату комиссиясы бойынша ғылыми-педагогикалық жұмысқа, институттың «Жалпы тарих» кафедрасына оқытушы қызметіне қабылданды.

1997 жылы Тарих факультетінің декан орынбасары қызметіне тағайындалды.

2005 жылы конкурс бойынша Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының «Дүниежүзі тарихы» кафедра меңгерушісі қызметіне 2010 жылға дейін сайланды.

2014 жылы конкурс бойынша  Отан тарихы және тарихи пәндер кафедрасының меңгерушісі болып сайланды.

2017 жылы конкурстен өтіп тарих факультетінің деканы қызметіне тағайындалды.

Ғылыми-зерттеу қызметі

Таңдау пәндер компоненті бойынша  “Азия және Африка елдерінің ортағасырлық тарихы” (2009)  және ” Азия және Африка елдерінің жаңа тарихы” (2018)   ҚР БҒМ РОӘК   “Білім беру “мамандықтар тобымен Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ОӘК (ОӘБ) ұсынылған екі оқу құралының авторы.

2018 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында  “Жұбанов кітапханасы”  сериясы бойынша  бірінші онтомдығының тұсауы кесілген,  “XIX ғасырдың екінші жартысындағы Ресей этносаясаты  (Орынбор оқу округі материалдары бойынша)” монографиясын шығарды.

2016 жылы “Өрлеу” Ұлттық біліктілікті көтеру орталығы арқылы  Португалияда Порто – ISEP жоғары техникалық  университеті базасында  “Заманауи педагогикалық технологиялар” курсы бойынша  кәсіби біліктігін арттырды.

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ жанындағы Конфуций институтында қытай тілі курсында қытай тілін игерудемін, қытай тілін (HSK –II,III) деңгейінде меңгердім.

70-тен астам ғылыми жарияланымдар, соның ішінде импакт-факторы бар журналдар.

 


Деканның оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Деканның тәрбие жұмыстар жөніндегі орынбасары