7М02201 – Тарих

Шифр – мамандықтың атауы:

7М02201 –  Тарих.

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):

2015 жылдың сәуір айында «Аккредиттеудің және рейтингтің тәуелсіз Агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 5 жылға сәтті өтті.

Оқу түрі, мерзімі:

Ғылыми және педагогикалық дайындық бағыты – 2 жыл.

Бейіндік дайындық бағыты – 1,5 жыл және 1 жыл.

Берілетін дәреже:

Ғылыми және педагогикалық бағыт:

7М02201 – «Тарих» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі (2 жыл).

Бейіндік бағыт:

7М02201 – «Тарих» мамандығы бойынша гуманитарлық білім магістрі (1 және 1,5 жыл).

Кәсіби қызметінің саласы:

Ғылыми және педагогикалық бағыттағы 7М02201 – «Тарих» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрінің кәсіби қызметінің саласы:

  • жоғары білім жүйесіндегі педагогикалық қызмет, ғылыми-зерттеу жұмыстары, сыртқы экономикалық және сыртқы саяси салаларда басқару әрекеті.

7М02201 – «Тарих» мамандығы бойынша магистрдің түйінді құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар:

  • қазіргі кезеңдегі тарих ғылымының даму жағдайы туралы; Қазақстанның тарихи ғылыми мектебі туралы; қоғамның дамуындағы тарих ғылымының рөлі туралы; тарих ғылымының дамуының барлық кезеңдеріндегі оның ұғымдық категориялық аппараттары туралы түсінікті; әлемнің ғылыми-әдістемелік бағыттары туралы; кәсіби қызмет үрдісінде білімді жаңарту үрдісі туралы; менеджмент және нарықтық экономиканың базалық заңдары туралы; білім саласындағы стратегиялық міндеттер туралы түсінігі болуы керек;
  • мамандану шеңберінде іргелі ғылымдардың негіздерін; әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың қазіргі кездегі философиялық мәселелерін, білім саласындағы менеджмент және басқару теориясын; жаңа инновациялық-әдістемелік технологиялар мен оқытудың белсенді әдістерін; ғылыми нәтижелерді мазмұндау және рәсімдеу талаптарын; ғылыми материалдарды мазмұндап жазу үшін қажет немесе бірнеше шет тілдерінің баяу және белсенді лексикасын; ғылыми мақалаларды түйіндеу мен рефераттарды; студенттермен пікірлесудің психологиясы мен педагогикасын; ғылыми ақпараттарды іздеу мен алмастыру жолдарын білуі керек;
  • кәсіби қызметінде кәсіби шығармашылық, ғылыми зерттеу, оқу-танымдық өзін-өзі даярлауды интеграциялауды; өзінің кәсіби қызметін жобалау және іске асыруды; кәсіби шешім қабылдау және оны бағалауды; өзін-өзі шығармашылықта пайдалануды; өзінің кәсіби қызметін байта құруды; кәсіби қызметінің стратегиялық бағыты мен тұтастығын; педагогикалық шығармашылығы мен педагогикалық шеберлігін жетілдіруді; біліми жағдайды талдауды, негізделген шешімдер қабылдауды, оның әлеуметтік салдарын алдын-ала байқауды; ғылыми қорытындыларды логикалық негіздеуді, алынған материалдарды кеңейтуді, мақалалар мен тезистер, рефераттар, іскерлік хаттарды жазуды істей білуі керек;
  • инновациялық және ақпараттық технологиялық негізінде өзінің білімін кеңейте алу; логикалық және сыни ойлау; негіздей және сендіре білу; зерттеушілік және конструктивті-әдістемелік міндеттерді шеше білу; жоғары оқу орындарында оқыту үрдістерін ұйымдастыра және басқара білу; ғылыми жобалау қызметінде дағдысу болуы керек;
  • кәсіби мәселелерді шешуде; мәдениетаралық және кәсіби пікірлесуде; тарихи материалдарды редакциялауды жүзеге асыруда; тарихнамалық, деректамалық талдау әдістерінде және зерттеуде қазіргі әдістерді қолдануда білікті болуы керек.

Кәсіби қызметінің нысандары:

Магистратура түлектерінің кәсіби іс-әрекетінің нысандары мыналар болып табылады:

Жалпы орта білім беретін және мамандандырылған мектептер, гимназиялар, лецейлер, орта кәсіптік білім беру ұйымдары (колледждер), жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары, ведомствалық ғылыми-зерттеу ұйымдары, республикалық, облыстық және аудандық халыққа білім беру бөлімдері, облыстық және аудандық әдістемелік орталықтар, ҚР БҒМ бақылау-аналитикалық қызметі, республикалық, облыстық және аудандық мәдениет ұйымдары, мемлекеттік, ведомствалық (оның ішінде түрлі жеке мекемелер) архивтер, тарихи-өлкетану музейлері.

Кәсіби қызметінің пәні:

Бітірушілердің кәсіби қызметінің пәні ретінде ақпараттық жүйелердің әртүрлі компоненттері мен ақпараттық жүйелердің өзін жобалау мен жасау, ақпараттық жүйелердің тораптық инфрақұрылымын инсталляциялау, конфигурациялау және басқару, ақпараттық жүйелердің деректер базасын жобалау және басқару, ақпараттық жүйелер мен олардың бөлшектерінің ақпараттық, программалық, техникалық және ұйымдық-құқықтық қамтамасыз етілуін сүйемелдеу болып табылады.

Кәсіби қызметінің түрлері:

7М02201 «Тарих» мамандығы бойынша магистратураны бітірушілер төмендегідей кәсіби қызметтің түрлерін орындай алады:

ғылыми және педагогикалық дайындық жағдайында:

  • білім беру (педагогикалық);
  • ғылыми-зерттеу;
  • ұйымдастырушылық-басқару;
  • сараптамалық-кеңесшілік;
  • мәдени-білім беру.

Практика базалары:

Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ «Отан тарихы және тарихи пәндер» кафедрасы, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Ақтөбе облыстық мұрағаты, С.Байішев атындағы Ақтөбе облыстық кітапханасы.