6В11101 – Туризм
Шифр – мамандықтың атауы:
6В11101-Туризм ( major – туризм, minor –аударма ісі, minor – маркетинг )
Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):
2023 жылдың наурыз айында Қазақстанның Заманауи (Элиталық) Білім Ассоциациясы KAZSEE эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтті.
Оқу түрі, мерзімі:
Күндізгі: 4 жыл, 3 жыл
Берілетін дәреже:
6В11101-Туризм ( major – туризм, minor –аударма ісі, minor – маркетинг ) мамандығы бойынша қызмет көрсету саласындағы бакалавры
Кәсіби қызметінің саласы:
Туризм мен қонақжайлық индустриясы, ғылым, білім, мемлекеттік басқару және адам қызметтерінің туризммен байланысы бар басқа да аялары болып табылады.
Кәсіби қызметінің нысандары:
– туристік кәсіпорындарымен байланысты мемлекеттік басқару ұйымдары (министрлік, әкімшілік, олардың аймақтық бөлімдері және тармақтары);
– туристік бизнеспен айналысатын мемлекеттік және жеке компаниялар;
– туристік саладағы консалтинтік компаниялар;
– туристік кәсіпорындардың маркетингтік қызметтері;
– туризмнің әр түрлі инфрақұрылымдарының салалары;
– туризм орта дәрежелі мамандарын дайындайтын оқу орындары;
– Қазақстан аймағындағы, дүниежүзілік қоғамдағы, туризмнің даму болашағы және жағдайымен айналысатын ғылыми-зерттеу бөлімдері;
– ішкі және сыртқы нарыққа туристік қызметті ұсынудағы жарнамалық агенттіктер;
– «Туризм» мамандығы бойынша магистратура;
– төтенше жағдайлар бойынша Министрлігінің жүйесі ұйымдары;
– іс-әрекеті ЖОО кеңестері белгілеген мамандықтармен байланысты басқа мекемелер мен компаниялар.
Кәсіби қызметінің пәні:
Туристік іс-әрекеті, туристік бизнес
Кәсіби қызметінің түрлері:
– ұйымдастыру-басқару;
– өндірістік-технологиялық;
– сервистік-эксплуатациялық;
– ғылыми-зерттеушілік;
– білім беру (педагогикалық);
– туристік-рекреациялық;
– профилактикалық және іздеу-құтқару.
Практика базалары:
«Зере Тур» туристік фирмасы (директор – Крамбаева Б.Х.), Қалалық жас өспірім туристер станция (директор – Жанайдаров Ж.Т.), Ақтөбе облыстық планетарий (директор – Булеков К.Ш.), Ақтөбе облыстық тарихи – мәдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы (директор – Мамедов А.М.).