7М01506 – География

Шифр – мамандықтың атауы:

7М01506 – География

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):

2023 жылдың маусым айында Білім сапасын қамтамасыздандыру
бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA)  эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтті.

Оқу мерзімі:

Ғылыми және педагогикалық бағыт – 2 жыл.

Берілетін дәреже:

Ғылыми және педагогикалық бағыт: 7М01506 – «География» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі (2 жыл).

Кәсіби қызметінің саласы:

Ғылыми және педагогикалық бағыттағы 7М01506 – «География» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрінің кәсіби іс-әрекетінің саласы: ғылыми-зерттеу кәсіпорындары (география, экология, картография, т.б. бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу ұйымдары); мемлекеттік басқару органдары; білім беру ұйымдары; жобалау ұйымдары және басқалар.

7М01506 – «География» мамандығы бойынша магистрдің түйінді құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар:

білім беру саласының менеджменті мен экономикасы; жаратылыстану ғылымдарының (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) философиясы мен әдіснамасының өзекті проблемалары;  география ғылымы мен білімінің қазіргі жағдайы мен даму тенденциялары, ғылыми зерттеулер мен практикалық іс-әрекеттерді жүргізу және т.б. біледі.

Кәсіби қызметінің нысандары:

Жалпы орта білім беретін және мамандандырылған мектептер, гимназиялар, лецейлер, орта кәсіптік білім беру ұйымдары (колледждер), жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары, ведомствалық ғылыми-зерттеу ұйымдары, республикалық, облыстық және аудандық халыққа білім беру бөлімдері, облыстық және аудандық әдістемелік орталықтар, ҚР БҒМ бақылау-аналитикалық қызметі, республикалық, облыстық және аудандық мәдениет ұйымдары, гидрометеорологиялық және туристік станциялар мен орталықтар т.б.

Кәсіби қызметінің түрлері:

7М01506 – «География» мамандығы бойынша магистратураны бітірушілер төмендегідей кәсіби қызметтің түрлерін орындай алады:

ғылыми және педагогикалық дайындық жағдайында:

  • білім беру (педагогикалық);
  • ғылыми-зерттеу;
  • ұйымдастырушылық-басқару;
  • сараптамалық-кеңесшілік.

Практика базалары:

Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ «География және туризм кафедрасы», Ақтөбе облыстық планетарийі, «Казгидромет» РМК Ақтөбе облысы филиалы т.б.