Академиялық ұтқырлық

Академиялық ұтқырлық

Қазіргі таңда тарих факультетіндегі білім алушылардың академиялық ұтқырлығы Білім және ғылым министрлігі қабылдаған стратегиялық жоспарлау бағдарламалары арқылы қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, ЖОО тарапынан шетелдік университеттермен (Ұлыбритания, Испания, Германия, Чехия, АҚШ, Канада, Ресей және т.б.) жасалған меморандумдар негізінде бірлескен білім беру бағдарламалары жүзеге  асырылып отыр.

Адами құндылықтар мен академиялық ұтқырлықты дамытуда дарынды жас қазақстандықтарға әлемнің үздік университеттерінде білім алуға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» бағдарламасы айтарлықтай үлес қосып келеді.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына сәйкес 5В090200-Туризм мамандығының 3-курс студенттері А.Утегулова, Ж.Кенжалина, С.Умбетов 2014 жылы Балтық халықаралық академиясында білім алды( Рига, Латвия).

2016-2017 оқу жылының бірінші семестрінде 5В090200 – «Туризм» мамандығы бойынша Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің 2-курс студенті Достияров Әділет Серікұлы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша тарих факультетінде білім алды.

2017 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында 5В090200–«Туризм» мамандығының 3-курс студенттері А.Мұхтарова, Э.Жолдыбаева академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша семестр бойы Польша Республикасының Быдгощ қаласының экономикалық университетінде білім алып келді.

2017-2018 оқу жылының І-жартыжылдығына 5В011400-Тарих мамандығының 2-курс студенті Асылбек Аяжан және 5В011600-География мамандығының 3-курс студенті Жұлдызбаев Нұрғали М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде, 5В011600-География мамандығының 2-курс студенттері Пернекул Әсем, Болатбек Назерке, Қыдырбай Айнұр, Дәрменқұлова Айжан Абай атындағы Мемлекеттік педагогикалық университетінде, 5В020300-Тарих мамандығының 2-курс студенттері халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Ресей Федерациясының Жаңабергенова Адина, Шерниязова Дана Орынбор педагогикалық университетінде білім алуды жоспарлап отыр.

Факультет республикалық және шетелдік ғылыми мекемелермен шығармашылық байланыстары орнатылған. «Тарих» мамандығы студенттеріне шетелдік ғалымдар дәріс оқиды. Атап айтқанда, 2013-2014 оқу жылында Жапониялық ғалым К.Мацузато, Гонконгтық ғалым Н.Пиончолли, 2014-2015 оқу жылында Санкт-Петербург Мемлекеттік университетінің профессоры (РФ) А.И.Кубышкин, 2016 жылы қарашада М.В.Ломоносов атындағы ММУ-нің доценті А.И.Даньшин, 2017 жылдың ІІ семестрінде А.С.Пушкин ат. Ленинград мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі, т.ғ.д., профессор В.А.Веременко  студенттерге дәрістер оқыды.

Осылайша факультетте сапалы білім алуға ұмтылған студенттер саны өсіп келеді. Академиялық ұтқырлық жеке даму мен еңбекке орналасу мүмкіндігі үшін маңызды және олжан-жақтылыққа, сыйластыққа тәрбиелейді, өзге мәдениеттерді игеруге мүмкіндік береді. Ол лингвистикалық плюрализм мен мамандардың болашақтағы бәсекелестік қабілетін көтеруге ынталандырады.

 

5В090200-Туризм мамандығының 3 курс студенттері Балтық халықаралық академиясында (Латвия республикасы)

Тарих факультетіне академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Шығыс Индияна университетінің профессоры(Indiana University East) Кристоффер Рис (Dr. Kristoffer M. Rees) келіп факультет оқытушыларымен кездесті.

2017 жылдың 17 қарашасында Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ тарих факультетінде Кристоффер Рис «Жаһандану» пәні бойынша презентация өткізді.

Тарих факультетінің география кафедрасына академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің рекреациялық география және туризм кафедрасының доценті, география ғылымдарының кандидаты Н.В.Шабалина келіп дәріс оқыды.

Алғаш рет «Мәулана» академиялық алмасу бағдарламасы бойынша түрік елінің жоғары оқу орнына  лекция оқу үшін «Отан тарихы және тарихи пәндер» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Жібек Бегімбаева қазір Түркияның Биледжик Шейх Эдибали университетінде студенттерге екіапталық дәріс оқыды.

2018-2019 оқу жылында Тарих факультетінің 2-3 курс студенттері академиялық ұтқырлық  бағдарламысымен Кастамону университетіне (Түркия Республикасы) семестрлік оқуға кірісіп кетті.

  • Акказиева А. – «Тарих» мамандығы, 3 курс студенті
  • Сүлейменов А. – «Тарих» мамандығы, 3 курс студенті
  • Болотова А. – «Туризм» мамандығы, 2 курс студенті
  • Жоламан Д. – «Туризм» мамандығы, 2 курс студенті
  • Маркабаева А. – «Туризм» мамандығы, 3 курс студенті

Сондай-ақ, «Қос диплом» бағдарламасы аясында, «Тарих» мамандығының 1 курс магистранттары – Б. Қанапин, Р. Картмағамбетова Кастамону университетінде білім алуда.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының тарих институты арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумы аясында білім беру қызметіне шетелдік мамандарды тарту мақсатында 2019 жылдың 28 қарашасы мен 28 желтоқсаны аралығына Тарих факультетіне шақырылған Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясы жанындағы Өзбекстанның қазіргі заман тарихы мәселелері бойынша үйлестіруші-әдістемелік орталықтың бөлім меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Аминов Бабир Бомурадович “5В020300-Тарих” және “5В011400-Тарих” мамандығының студенттеріне Орталық Азия ның тарихнамасы мен деректемесі мәселелері бойынша дәріс оқуда.

17.09.2020 күні Университеттің Халқаралық байланыстар орталығы және факультет пен кафедра бойынша Академиялық ұтқырлық бағдарламасына жауапты оқытушылардың ұйымдастырумен Техникалық факультеті 1 курс студенттері үшін онлайн кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге академиялық ұтқырлыққа құмарлық танысқан 1 курс студенттері қатысты. Кездесуді Техникалық факультеті бойынша жауапты оқытушы Г.М. Жексенбаева ашып, Ұлттық және Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы туралы жалпы айтып өтті. Студенттер қатарынан қойылған барлық сұрақтарға Академиялық ұтқырлық бағдарламасының әдіскері Қуанышова Гүлбану Ідірісқызы толықтық жауап беріп өтті. Студенттерді толғандырған бірқатар сұрақтар мыңдай болды: Академиялық ұтқырлыққа қатысу үшін қажетті тілдік деңгей; Мамандықтарына сәйкес Серіктес ЖОО; Ұлттық академиялық ұтқырлық бағдарламасына қажетті орташа баға; Тілдік құрстарға жазылу және мерзімдері т. б. Кездесу соңында студенттер Академиялық ұтқырлық бағдарламасының әдіскері Г.І. Қуанышоваға алғысын білдірді.

Тарих факультеті студенттерінің қатысуымен 13 желтоқсан күні “Тарих және дінтану” кафедрасының ұйымдастыруымен “16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне” орай “Қазақ хандығы тарихы және қазіргі тарихи деректер көздері” атты семинар өткізілді. Семинарға Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, т.ғ.д. Ахметова Ұ.Т., Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясы жанындағы Өзбекстанның қазіргі заман тарихы мәселелері бойынша үйлестіруші-әдістемелік орталықтың бөлім меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Аминов Б.Б., Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, т.ғ.д., профессор Бекназаров Р.А., “Тарих және дінтану” кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Избасарова Г.Б., т.ғ.д., профессор Жумағамбетов Т.С. қатысты. Семинарда Ұ.Т. Ахметова Қазақ хандығы тарихына қатысты архивтерде орналасқан дереккөздерді, бұл тақырыпты зерттеудің методологиялық мәселелері және Қазақ хандығы тарихының аз зерттелген тұсы – хандық астанасы болған Сарайшық қаласының зерттелуі туралы пікірлер білдірді. Одан әрі ғалым Ұ. Ахметова семинарға қатысушыларды Қазақстан республикасының мейрамымен құттықтады. Дөңгелек үстел еркін форматта өтті. Студенттерге тарих ғылымына қатысты құнды деректер мен бағыт-бағдарлар көрсетілді. Қазақстанның кемел болашағы туралы сөз болып, болашақ тарихшылардың қолында болашақтың кілті тұрғандығы айтылды.

22 ақпан 02 наурыз аралығында Тарих факультетінің 2-курс магистранттары Санкт-Петербург қаласында болып, А.С.Пушкин атындағы Ленинград мемлекеттік университетінен академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде шетелдік іс-тәжірибеден өтіп, білімдерін шыңдап қайтты. 10 күндік білім сапары барысында магистранттарымыз екі жақты келісілген жоспарға сай арнайы дәрістерге қатысып, Ленинград университетінің жоғары білім беру жүйесінде қолданып отырған іс-тәжірибесі мен жоғары білім берудегі Ресейлік өзіндік әдіс-тәсілдерімен танысып, тәжірибе жинақтады. Іс-тәжірибенің теориялық бағытынан бөлек практикалық бағыты да жоспарланды. Сол жоспарға сай магистранттарымыз Санкт-Петербург қаласының тарихи орындарын аралап және де Санкт-Петербург қаласында орналасқан “Орталық мемлекеттік мұрағат” пен “Ресейдің ұлттық кітапханасында” ғылыми диссертациялық жұмыстары бойынша зерттеу жұмыстарында жүргізді. Іс-тәжірибе соныңда магистранттарымыз Ленинград Университетінің арнайы сертификаттары мен марапатталды. Білім мен ғылымның қаламын ұштап, білім жолында жаңа белестерді бағындырып келген 2-курс магистранттарына алдағы уақытта да ғылым жолында аянбай еңбек етіп, Тәуелсіз еліміздің тарих ғылымын дамытуда ісденістен шаршамаңыздар деген тілек білдіргіміз келеді.

Тарих факультеті 5В020300- Тарих білім бағдарламаларының оқу жоспарына сәйкес 4 курс студенттері 2021 жылдың 25 қаңтар мен 2 сәуір аралығында өндірістік тәжірибеден өтуде.

Бүгін яғни 19 қазан күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Тарих факультетінің базасында Ресей және Қазақстанның жас этнологтар мектебінің отырысы өтті. Шара үш күнге созылады. Шараны Орынбор мемлекеттік университетінің Оңтүстік Оралдың тарихы мен этнографиясы ғылыми-зерттеу институты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті және М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті бірлесіп ұйымдастыруда. Биылғы мектеп этнологияның өзекті мәселелеріне арналған. Жалпы үш күндік ғылыми семинар барысында Ресей мен Қазақстанның т.ғ.д., профессор В.А.Тишков (РФ., Мәскеу қ.), т.ғ.к., доцент Ф.Г.Галиева (РФ., Уфа қ.), т.ғ.д., профессор М.Н.Сдыков (ҚР., Орал қ.), т.ғ.к. И.В.Стасевич (РФ., Санкт-Петербург), т.ғ.д., профессор И.И.Шангина (РФ., Санкт-Петербург), т.ғ.д., доцент Р.А.Бекназаров (ҚР., Ақтөбе қ.), т.ғ.к. Е.И.Ларина (РФ., Мәскеу қ.), т.ғ.к. О.Б.Наумова (РФ., Мәскеу қ.), т.ғ.д. Т.А.Титова (РФ., Қазан қ.), т.ғ.д., профессор Г.Б.Избасарова (ҚР., Ақтөбе қ.),, т.ғ.д., профессор А.Б.Қалыш (ҚР., Алматы қ.) сынды жетекші тарихшы-этнограф ғалымдары жас этнологтарға дәрістер оқып, шебер-кластарын өткізетін болады. Семинарға аталған екі елдің жоғары оқу орындарының этнологиямен айналысатын студенттері мен магистранттары қатысуда.

«Академиялық ұтқырлық бағдарламасы» академиялық алмасу бағдарламасы бойынша түрік елінің жоғары оқу орнына  практика алмасу үшін Тарих-дінтану кафедрасының 4 курс студенті Хабитқызы Перизат “6В02201-Тарих” мамандығы бойынша Түркияның Кастамону университетінде 2021-2022жылдың 2 семестрінде білім алмасты.

Мен, Мамбетова Гүлдана Абайқызы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік Университеті, тарих және дінтану кафедрасының 3-курс докторанты, аусым айының 1-30 аралығында Түркиядағы Стамбул қаласы Стамбул университеті жанындағы әл-Фараби Еуразиялық зерттеулер орталығында тәжірибе алмасып қайттым.

Факультетім маған  100 мың студенті бар, 5000-ға жуық профессорлық-педегогикалық құрамы бар және 767 түрлі мамандықтар бойынша білім беретін халықаралық, тәжірибесі мол жоғарғы оқу орнында тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Негізінен ғылыми тәжірибе алмасу Стамбул университеті жанындағы әл-Фараби Еуразиялық зерттеулер орталығында сонымен қатар, ислам тарихы, өнері және мәдениеті ғылыми-зерттеу орталығында өтті. Стамбул университетінің Тарих және Әдебиет факультетінің мемлекеттік кітапханасында Beyazit (Beyazıt Devlet Kütüphanesi)   каталог жұмыстарын жүргіздім,  диссертацияма қатысты дереккөздерді талдауға мүмкіндік алдым.

Негізгі тәжирибе алмасудың мақсаты – отандық  және шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерімен, ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерімен, эксперименттік деректерді өңдеу және интерпретациялаумен танысу болды.

Бір айлық тәжірибе алмасудың нәтижесінде ғылыми-теориялық және әдістемелік дайындық деңгейім анықталды, жаңа методологиялық әдістермен жұмыс жасалынды, зерттеу тақырыбына байланысты тың дереккөздермен жұмыс жасалынды, диссертацияның кейбір кемшілікті тұстары анықталып, оларды түзетулерге қатысты біршама жұмыстар атқарылды.

В 2021 году на 1 семестре 3 курса обучения студентка исторического факультета по специальности «6В02201 – История» Мохиборода Виктория Вячеславовна, учувствовала по программе академической мобильности. Обучалась в Казанском (Приволжском) федеральном университете в Российской Федерации, г.Казань

Қашықтықтан білім беру технологиясын қолдау аясында студенттердің Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алушылар 2017-2018 жылдың сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша шетел ЖОО-да 3 студент білім алып келді. Оның ішінде:

  • Польша – Быдгощ қаласындағы Экономика университеті – 2 студент: «5В090200-туризм» ББ 2 курс студенттері – Альбекова А., Жалгасова А.;
  • ҚХР – Синьцзян қаржы-экономикалық университеті – 1 студент: «5В090200-туризм» ББ 3 курс студенті – Абдоллаева Д.;

Ішкі академиялық ұтқырлық бойынша Қазақстан ЖОО-да 12 студент білім алып келді.

1) Орал – М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті – 2 студент: «5В011400-тарих» ББ 2 курс студенті – Асылбек А., «5В011600-география» ББ 3 курс студенті – Жұлдызбаев Н.;

2) Алматы қаласы – Абай ат. Мемлекеттік педагогикалық университеті – 4 студент: «5В011600-география» ББ 2 курс студенттері – Болатбек Н., Қыдырбай А., Пернеқұл А., Дәрменқұлова А.;

3) Алматы қаласы – Нархоз университеті – 1 студент: «5В090200-туризм» ББ 2 курс студенті – Тасқымбаева Д.;

4) Алматы қаласы – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті – 5 студент: «5В011600-география» ББ 3 курс студенттері –  Конебаева М., Кәдірмаханова С., Сарсеналы Д., Абилова А., Нұрымбаева Л.;

Қашықтықтан білім беру технологиясын қолдау аясында студенттердің Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алушылар 2018-2019 жылдың сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша шетел ЖОО-да 5 студент білім алып келді. Оның ішінде:

  • Түркия – Кастомону университеті – 5 студент: «5В090200-туризм» ББ 2 курс студенттері – Болатова А., Жоламан Д., 3 курс студенті – Маркабаева А.; «5В020300-тарих» ББ 3 курс студенттері: Сулейменов А., Аққазиева А.;

Ішкі академиялық ұтқырлық бойынша Қазақстан ЖОО-да 10 студент білім алып келді.

  • Орал – М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті – 1 студент: «5В011600-география» ББ 3 курс студенті – Ахмет Г.;
  • Алматы қаласы – Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті – 5 студент: «5В011600-география» ББ 2 курс студенттері – Асанова Г., Абатова Б., Әбдіқалық А., Тляева Б., «5В011400-тарих» ББ 2 курс студенті – Ахметова А.;
  • Ақтау қаласы – Ш.Есенов ат. Каспий мемлекеттік технологялар және инжиниринг университеті – 2 студент: «5В011400-тарих» ББ 2 курс студенттері – Дарханбаева Ж., Төлегенова Ж.;
  • Атырау қаласы – Х.Досмұхамедов ат. Атырау мемлекеттік университеті – 1 студент: «5В011400-тарих» ББ 2 курс студенті – Жайлыбаева А.;
  • Қызылорда қаласы – Қорқыт ата ат. Қызылорда мемлекеттік университеті – 1 студент: «5В011400-тарих» ББ 2 курс студенті: Досанова А.;

Одан бөлек Қазақстанның ЖОО-нан келіп 2 студент білім алды.

  • Алматы қаласы – Қазақ спорт және туризм академиясы – 1 студент: «5В090200-туризм» ББ 2 курс студенті – Саудербаева А.;

Алматы қаласы – Silkway International University – 1 студент: «5В011600-география» ББ 3 курс студенті – Қуантай А.;

Қашықтықтан білім беру технологиясын қолдау аясында студенттердің Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алушылар 2019-2020 жылдың сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша шетел ЖОО-да 7 студент білім алып келді. Оның ішінде:

  • Түркия – Кастомону университеті – 3 студент: «5В020300-тарих» ББ 4 курс студенті – Култанов М.М.; «5В012900-география-тарих» ББ 3 курс студенттері – Камалова Ж., Куандыкова О.;
  • Түркия – Сакарья университеті – 2 студент: «5В011600-география» ББ 4 курс студенттері – Есенова А.Қ., Болатбек Н.Ж;
  • Ресей Федерациясы – А.С. Пушкин атындағы Ленинград мемлекеттік университеті – 2 студент: «5В01300-тарих-дінтану» ББ 2 курс студенттері – Мутиева А.А., Әбжәлі А.Ә.;

Қашықтықтан білім беру технологиясын қолдау аясында студенттердің Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алушылар 2020-2021 жылдың сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша шетел ЖОО-да 7 студент білім алып келді. Оның ішінде:

1)Польша – Корфантого ат. Жоғары Силезия экономикалық университеті – 3 студент: «5В090200-туризм» ББ 3 курс студенттері – Жақсылықова Ж., Шейко А., «6В11101-туризм» ББ 2 курс студенті – Марсова М.;

Ішкі академиялық ұтқырлық бойынша Қазақстан ЖОО-да 4 студент білім алып келді.

1) Орал – М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті – 4 студент: «6В01601-тарих» ББ 2 курс студенттері – Кипшакбаев Ж., Жұбатқанов Б., Қалданова Н., «5В090200-туризм» ББ 3 курс студенті – Тәжігереева С.;

Қашықтықтан білім беру технологиясын қолдау аясында студенттердің Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алушылар 2021-2022 жылдың сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша шетел ЖОО-да 4 студент білім алып келді. Оның ішінде:

  • Ресей – Қазан федералды университеті 1 студент: «6В02201-тарих» ББ 3 курс студенті – Мохиборода В.;
  • Польша – Быдгощ қаласындағы Экономика университеті – 1 студент: «6В11101-туризм» ББ 3 курс студенті – Жұмағұл Д.;
  • Турция – Сакарья қаласындағы Кастомону университеті – 2 студент: «6В02201-тарих» ББ 3 курс студенті – Хабитқызы Перизат , «6В11101-туризм» ББ 3курс студенті – Абдрахманова А.;

Ішкі академиялық ұтқырлық бойынша Қазақстан ЖОО-да 2 студент білім алып келді.

  • Алматы қаласы – Алматы техникалық университеті – 2 студент: «6В11101-туризм» ББ 3 курс студенттері – Жеңіс А., Мамбеталина Ф.;

Одан бөлек Қазақстанның ЖОО-нан келіп 1 студент білім алды.

Орал – М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті – 1 студент: 6В01511-география-тарих ББ 3 курс студенті – Қуаныш Д.;

Қашықтықтан білім беру технологиясын қолдау аясында студенттердің Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алушылар 2022-2023 жылдың сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша шетел ЖОО-да 7 студент білім алып келді. Оның ішінде:

  • Польша – Быдгощ қаласындағы Экономика университеті – 1 студент: «6В11101-туризм» ББ 3 курс студенті – Қабылашева Д.;
  • Польша – Слупск қаласындағы Помор академиясы – 1 студент: «6В01506-география» ББ 2 курс студенті – Абдижали Б.;
  • Ресей – А.С. Пушкин атындағы мемлекеттік университеті – 1 студент: «6В02201-тарих» ББ 4 курс студенті – Мохиборода В.;
  • Түркия – Памуккале университеті – 2 студент: «6В11101-туризм» ББ 3 курс студенттері – Амантұрлы Г., Хамитова Т.;
  • Түркия – Кастамону университеті – 1 студент: ««6В11101-туризм» ББ 3 курс студенті – Сатыбалдина А.;
  • Түркия – Он сегіз март университеті – 1 студент: «6В11101-туризм» ББ 3 курс студенті – Мурат Е.;

Ішкі академиялық ұтқырлық бойынша Қазақстан ЖОО-да 2 студент білім алып келді.

Алматы қаласы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті – 1 студент: «6В02201-тарих» ББ 2 курс студенті – Байзова Г.;

Бүгін, 30 қазанда Қ.Жұбанов АӨУ ​​ ынтымақтастық келісімі аясында және сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті тарих факультетіне Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің тарих факультетінің 2 және 3 курс 7 студентінен құралған делегация келді.

Студенттер жаңа, заманауи студенттік жатақханаға орналастырылды. Қ.Жұбанов, одан кейін түскі астан кейін No2 оқу корпусының ғимаратына шақырылып, оларға ғылыми кітапхана, компьютерлік сынып, археология кабинеті мен оқу кабинеттері көрсетілді.
Доцент А.Л. Перевезенцев ОГПУ студенттеріне арналған «Академиялық жазу» курсы бойынша сабақ өткізді, сонымен қатар тарих факультетінде оқытылатын элективті курстардың («Тарихтың жеке факторы») және ғылыми-әдістемелік семинарлардың презентациясы – ғылыми семинар Америка тарихындағы гендерлік фактор туралы.

Басшының бастамасымен Орынбордан келген студенттердің сапары Тарих және дінтану кафедрасы, профессор Г.Б. Ізбасарова, 30 қазаннан 10 қарашаға дейін жалғасады. Қонақтар үшін ауқымды және жан-жақты ғылыми-мәдени бағдарлама, соның ішінде дәрістер мен семинарлар, өзекті тарихи мәселелерге арналған дөңгелек үстел, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен Ақтөбе облысының мемлекеттік мұрағатына бару және жұмыс істеу, сондай-ақ бару жоспарланған. Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың мемориалдық мұражайына. атындағы АӨУ тарих факультетінің ұжымы. Қ.Жұбанова бұл сапар көршілес Ресейдің шекаралас өңірінің ғалымдары мен студенттерімен жемісті академиялық ынтымақтастықтың бастауы болады деп сенеді.

ОРЫНБОР СТУДЕНТТЕРІ АҚТӨБЕ МУЗЕЙЛЕРІНЕ БАРДЫ

Ақтөбе өңірлік университетіне келгендер. Қ. Жұбанова академиялық ұтқырлық аясында Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің тарих факультетінің 2 және 3 курс студенттері оқу сабақтарынан басқа, қаламыздың көрікті жерлері мен ескерткіш орындарына баруды қамтитын кең мәдени бағдарламаға тартылды.
31 Қазанда олар Ақтөбе қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды (бұдан әрі бұл туралы мәтін мен фото).

1 қарашада тарих және дінтану кафедрасының доценті А.Л. Перевезенцев орынборлықтарға біздің көрнекті жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың мемориалдық мұражайына баруды ұсынды.

Мұражай басшылығымен келісім бойынша шетелдік қонақтар үшін егжей-тегжейлі экскурсия өткізілді. Экскурсовод ретінде облыстық мемориалдық мұражайдың аға ғылыми қызметкері, өз ісінің тамаша маманы – Тәжбенова Сәулеш Базарбайқызы сөз сөйледі. Орынбордан келген тарихшы студенттер мұражай экспозицияларының жоғары сапа деңгейі мен ақпараттылығына, экскурсияда баяндалған материалдың тереңдігі мен танымдық құндылығына таң қалды. Балалар біздің ұлттық кейіпкеріміздің қайғылы тағдырына, мемориалдық мұражайдың тарихи атмосферасына бой алдырды. Болашақ педагог-тарихшылар ретінде орынборлықтар жастарды патриоттық тәрбиелеуде, тарихи жадыны қалыптастыруда мұражайдың үлкен рөлін атап өтті. Экскурсия соңында олар мұражай қызметкерлерінің жоғары кәсіби деңгейін атап өтті, Сәулеш Базарбайқызына шын жүректен алғыс айтып, Мұражайдың құрметті қонақтарының кітабына ынталы жазба қалдырды.

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ЗЕРДЕЛЕУ.

2023 жылғы 31 қазанда Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің тарих факультетінің 2 және 3 курс студенттері,

Ақтөбе өңірлік университетіне келгендер. Қ. Жұбанова академиялық ұтқырлық аясында тарих және дінтану кафедрасының оқытушысы Р. Т. Насыровпен бірге Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды, бұл біздің қонақтарымыз үшін мәдени бағдарламадағы маңызды іс-шара болды. Экскурсияны ғылыми қызметкер Искандеров С. Р. Орынбордан келген қонақтар мұражайдың көрме залдары мен экспозициясымен танысуға қуанышты болды. Қазақстанның ортағасырлық тарихына арналған залдар ерекше қызығушылық тудырды. ОГПУ студенттері Этнография залында ұсынылған қазақ халқының дәстүрлі костюмдерімен, киіз үйдің безендірілуімен танысты. Экскурсия соңында балалар музейдің ғылыми қызметкері мен басшылығына алғыстарын білдірді.

📚 1 қарашада АРУ арасындағы ынтымақтастық туралы Шарт аясында.Қ. Жұбанова мен Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша тарих факультетінде Т.ғ. к., доцент Ж. с. Бегімбаева “ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басында Қазан университеті жанындағы Археология, тарих және этнография қоғамының қызметі”тақырыбында дәріс өткізді.

📚 Орынбор университетінің 2-3 курс студенттері 6В02201 – тарих ББ 2 курс студенттерімен бірлесіп дәрісті мұқият тыңдады, сұрақтар қойылды, бұдан әрі студенттер Қазақстан мен Ресей арасындағы ғылыми ынтымақтастықты талқылауға қатысты.

📚 2 қарашада Орынбор мемлекеттік педагогикалық институтының студенттеріне арналған ғылыми-зерттеу жұмысының жоспарына сәйкес Конфуций АРУ орталығына экскурсия өткізілді. Қ. Жұбанова. Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері Конфуций институтының “HSK” қытай тілін тестілеу орталығымен танысып, қытай тілі сабақтарына қатысып, Конфуций АРУ орталығының тарихы туралы қызықты ақпарат алды.Қ. Жұбанова.

📚 Студенттерге дәріс аудиториялары, Университет кітапханасы бойынша экскурсия өткізілді: кітапхананың оқу залына барып, электронды кітапханамен танысты. Кітапхананың басты міндеті-заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, мамандарды даярлауда оқу процесіне көмек көрсету. Тарих факультетіндегі кітапханада Орынбор студенттері “Open Space” оқу залына барып, Қазақстан тарихы туралы кітаптармен танысты. 📚 1 қарашада АРУ арасындағы ынтымақтастық туралы Шарт аясында.Қ. Жұбанова мен Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша тарих факультетінде Т.ғ. к., доцент Ж. с. Бегімбаева “ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басында Қазан университеті жанындағы Археология, тарих және этнография қоғамының қызметі”тақырыбында дәріс өткізді.

📚 Орынбор университетінің 2-3 курс студенттері 6В02201 – тарих ББ 2 курс студенттерімен бірлесіп дәрісті мұқият тыңдады, сұрақтар қойылды, бұдан әрі студенттер Қазақстан мен Ресей арасындағы ғылыми ынтымақтастықты талқылауға қатысты.

📚 2 қарашада Орынбор мемлекеттік педагогикалық институтының студенттеріне арналған ғылыми-зерттеу жұмысының жоспарына сәйкес Конфуций АРУ орталығына экскурсия өткізілді. Қ. Жұбанова. Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері Конфуций институтының “HSK” қытай тілін тестілеу орталығымен танысып, қытай тілі сабақтарына қатысып, Конфуций АРУ орталығының тарихы туралы қызықты ақпарат алды.Қ. Жұбанова.

📚 Студенттерге дәріс аудиториялары, Университет кітапханасы бойынша экскурсия өткізілді: кітапхананың оқу залына барып, электронды кітапханамен танысты. Кітапхананың басты міндеті-заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, мамандарды даярлауда оқу процесіне көмек көрсету. Тарих факультетіндегі кітапханада Орынбор студенттері “Open Space” оқу залына барып, Қазақстан тарихы туралы кітаптармен танысты.