Факультет тарихы

Факультет тарихы

1985 жылы филология факультеті құрамында Тарих мамандығы ашылып, кейін 1987 жылы Тарих–педагогика факультеті болып құрылды.

1989 жылы «Тарих» мамандығы бойынша жоғары білікті кәсіп иелерін дайындауды қамтамасыз ету мақсатында «Тарих» факультеті құрылып, құрамында екі кафедра – «КСРО тарихы» және «Әлем тарихы» кафедралары жұмыс жасады.

Факультет құрылған уақытынан бастап күні бүгінге дейін Ақтөбе облысы, тұтастай алғанда Қазақстанның батыс өңірінде Тарих, География, Туризм салалары бойынша нарық сұранысына орай әлеуеті жоғары, бәсекеге қабілетті жетекші мамандар  дайындайтын университеттің іргелі  факультеттері қатарында білім беру, ғылымды дамыту және тәрбие беру қызметін жүзеге асырып келеді.

Тарих факультетінде алғашқы декан қызметін тарих ғылымдарының кандидаты, доцент А.П. Прусс атқарды. Әр жылдары факультет деканы қызметтерін т.ғ.д., профессор Г.С. Сұлтанғалиева, т.ғ.к., доценттер Р.А. Бекназаров, Г.Б. Ізбасарова, Г.І.Кубенова жалғастырды.  2004-2017 жылдары факультет деканы т.ғ.к., доцент С.А. Есқалиев болды.

2017-2023 жылдары факультет деканы қызметін т.ғ.к., доцент Г.Ы.Купенова атқарды. 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап факультет деканының міндетін атқарушы қызметіне т.ғ.к., доцент Ә.Б.Аман тағайындалды.

Факультет құрамында «Тарих және дінтану», «География және туризм», «Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік – саяси пәндер» кафедралары және «Археология, этнология» ғылыми –зерттеу орталығы, «Студенттік парламент» жұмыс жасайды.

«Тарих және дінтану» – кафедра меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Избасарова Гулбану Болатовна

«География және Туризм»  – кафедра меңгерушісі, PhD, аға оқытушы Абдуллина Ақжүніс Гафуровна

«Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік – саяси пәндер» -кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., аға оқытушы Сарсембин Умбеткан Куандыкович

 

Факультетте бакалавриаттың 7 білім бағдарламасы мен магистратураның 3 білім бағдарламасы және  1 доктарантура саласы бойынша кадрлар дайындайды:

Бакалавриат:

  • 6B01601 – «Тарих»
  • 6B02201 – «Тарих»
  • 6B01506 – «География»
  • 6В11101– «Туризм»
  • 6B01511– «География-Тарих»
  • 6B01602 – «Тарих-дінтану»
  • 6В05203 – «Ландшафтық жобалау»

Магистратура мамандықтары:

  • 7M01601 – «Тарих»
  • 7M02201 – «Тарих»
  • 7М01506 – «География»

Докторантура:

    8D02201 – Тарих

 

Тарих факультетін басқарған декандар

1987-1993 жж. Прусс Анатолий Петрович – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

1993-1996 жж. Байдосов Закрадин Байдосович – тарих ғылымдарының докторы, профессор

1996-2004 жж. Сұлтанғалиева Гүлмира Салимжанқызы – тарих ғылымдарының докторы, профессор

2004-2012 жж. Тарих факультетінің деканы. Избасарова Гүлбану Болатқызы –
тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

2007-2017жж. Есқалиев Самат Амангелдіұлы – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

2017 жылдан бастап, қазіргі уақытта Купенова Гулмира Ыхласовна – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент