6B02201 – Тарих

Шифр – мамандықтың атауы:

6B02201 – Тарих

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):

2015 жылдың сәуір айында «Аккредиттеудің және рейтингтің тәуелсіз Агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған акредиттеуден 5 жылға сәтті өтті.

Оқу түрі, мерзімі:

Күндізгі: 4 жыл

Берілетін дәреже:

6B02201 – Тарих мамандығы бойынша гуманитарлық білім бакалавры

Кәсіби қызметінің саласы:

Гуманитарлық білімдер бакалаврының кәсіби қызметінің бағыты білім беру және ғылым саласы, мәдени-білім беру салалары, мемлекеттік-басқару секторы болып табылады.

Кәсіби қызметінің нысандары:

жалпы білім беретін және арнаулы мектептер, лицейлер, колледждер, гимназиялар, жоғары оқу орындары, мемлекеттік ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары (ғылыми институттар, педагогикалық және тарихи оқыту кабинеттері, баспаханалар, әкімдіктер, музейлер, біліктілік көтеру институттары, БАҚ)

Кәсіби қызметінің пәні:

Тарихи деректер, соның ішінде мұрағаттық құжаттар, музей жәдігерлері, археологиялық-этнографиялық деректер, ұлттық кітапхана қоры, оқу-әдістемелік әдебиет, арнайы ғылыми зерттеулер, қазіргі нормативтік-құқықтық актілер және құжаттар

Кәсіби қызметінің түрлері:

– оқу-тәрбиелік (педагогикалық);
– өндірістік-басқару;
– ғылыми-зерттеу;
– сарапшылық-кеңес беру;
– мәдени-білім беру.

Практика базалары:

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі, Ақтөбе облыстық мемлекеттік мұрағаты