Студенттік өмір

Студенттік өмір

Факультет студенттері әртүрлі деңгейдегі халықаралық және республикалық конференциялар мен конкурстарға тұрақты түрде қатысып отырады. Тарих факультетінің студенттері кәсіптік дайындықты ғана емес, қоғамдық қызметпен де белсенді айналысуда. Факультет жастарының комитеті әртүрлі олимпиадаларды, КВН, мерекелер, қызықты тұлғалармен кездесулер өткізіп тұрады. Факультет жанында «Ритор» пікірсайыс дебат клубы және «Қобыланды» интеллектуальдық-пікірталастық клубтар жұмыс жасайды. Оқу процесінде өзін-өзі басқару элементтерін енгізу, жастарды бұқаралық-мәдени және спорттық шараларға тарту, салауатты өмір салтын ұстану, оқу-тәрбие шараларын жетілдіруге бағытталған студенттік деканат жұмыс жасайды. Факультетте студенттік пікірсайыстар, түрлі спорттық турнирлер тұрақты түрде өткізіліп, «Халықаралық ұстаздар күні», «Жаңа жыл-Наурыз мейрамы», «Алтын күз», «Студенттік көктем», «Халықаралық әйелдер күні» және т.б. мерекелер тұрақты түрде өткізіліп отырады.

2016-2017оқу жылы

«Қарттарым – асыл қазынам» факультет студенттерінің қарттар үйіндегі мерекелік шарасы

«Біз – жемқорлыққа қарсымыз!» атты студенттер акциясы.

«Елі сүйген, елін сүйген ЕЛБАСЫ» атты танымдық акция

2017-2018оқу жылы

Университет ректорының белсенді студенттерімен ашық әңгімелесуі

Факультеттің пресс – қабырғасы

Облыс әкімі Б.М. Сапарбаевтың “Жастар үйінің” студенттік кеңес кабинетімен танысу сәті.

“Рухани жаңғыру” аясында шағын футболдан Тарих факультеті студенттері “Ең үздік қақпашы”, “Ең үздік корғаушы”, “Ең үздік сұрмерген” грамоталарымен марапатталды.

ҚР Президентінің Қазақстан халқына арналған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын кеңінен насихаттауға арналған үздік шығармалар байқауына белсене қатысқаны үшін Тарих факультетінің 3 курс студенті қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Факультеттегі «English Club» студенттері дөңгелек үстел өткізуде.

Тарих факультеті жанынан құрылған «Qobylandy» ИПК ашылу салтанаты

«Тарихи өлкетану» үйірмесі  ғылыми-зерттеушілік сипаттағы жұмыстарды талқылауда.

«Тарихи таным» үйірме студенттері Ақтөбе облыстық мемлекеттік мұрағатында ғылыми-зерттеу ізденіс үстінде.

«Географиялық топонимика» үйрмесі өз жұмыстарын атқаруда.

«Спорт – денсаулық кепілі» студенттер мен оқытушылар қысқы спартакиадасы аясында.

Жаңа кітаптар мен оқулықтар көрмесі

Тарих факультетінің білім бағдарламасында студенттердің кәсіби тәжірибеден өтуі маңызды орын алады. Тарих факультетінің деканаты  Ақтөбе облысының мұрағатымен, қалалық білім бөлімімен, Ақтөбе қаласының колледждерімен кәсібитәжірибелерді өткізу бойынша келісімдер жасасты. 5В011400-Тарих мамандығының студенттері Ақтөбе облыстық өлкетану мұражайының әдіскерлері және мамандарының жетекшілігімен археологиялық тәжірибеден өтуде.

2019 жылы 27 мамыр күні Ақтөбенің үздік студентеріне әкімнің атаулы стипендиясы берілді.

Біздің факультеттен 5 студент атаулы үздік стипендиясын иеленді.

1. Шаймерден Қалдымұрат – 5В020300-Тарих, 2 курс
2. Абилхаева Айдана –  5В011600-География, 2 курс
3. Шекернаев Мейрамбек – 5В012900-География-Тарих, 2 курс
4. Култанов Мажит – 5В020300-Тарих, 3 курс
5. Спанова Диана – 5В090200-Туризм, 2 курс.

Жастарға патриоттық тәрбие беру

2019 ж. сәуір айында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Ауған соғысы: тарихы мен тағдыры» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

«Туризм» мамандығының 3-курс студенті – Албекова Әсем 2019 жыл 24-25 сәуір аралығында Нұрсұлтан қаласының Тұңғыш Президент кітапханасында өткен «Болашаққа жол өзіңнен басталады» атты оқыту семинар-тренингіне қатысып сертификат алып келді.

Қостанай қаласында өткен Қазақстан-Ресей жастар форумы аясында ERG Fair Trackathon Экосистема- студенттік кәсіпкерлік жобасына қатысты.

Факультеттің Не? Қайда? Қашан? Интеллектуалды ойын командасы «Джон сноу»

“Турист және өлкетанушы” Үздік үйірме жүлделі 3-орын иеленді.

Университеттің тарихында тұңғыш рет өткен  кіші футбол лигасына  факультет командасы қатысты.

2019 ж. 26 сәуір «Қазақстан халықтары Ассамблеясы» күніне қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.

Тарих факультетінің 5В011400-Тарих, 5В020300-Тарих,5В011400-Тарих-дінтану, 5В012900-География-тарих мамандығының 1 курс студенттері Ойыл ауданына 11 шақырым жерде орналасқан “Қырық оба” қорымында археологиялық практикасында қазба жұмыстарын жүргізді.

Қазба жұмыстары барысында экспедиция жетекшісі Н.М.Баиров, А.Б.Сарбаевтың жетекшілігімен №1 қорымды қазу барысында 2,6 мың жыл бұрын өмір сүрген қола дәуірінің адамы табылды.

Археологиялық практика  барысында студенттер  жоспарланған 3 қорым, 4 сектор бойынша толық қазба жұмыстарын орындады.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Тарих факультетінің студенттері облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі мамандармен кездесті. Бұл шараның мақсаты: студенттерге ғасыр індетіне айналған темекі, арақ, есірткі, ЖИТС-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру болып табылады. Облыстық ЖИТС (жүре пайда болған иммундытапшылық синдромы) алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі мамандары Артыкбаева Алтынай Есетовна және Жулмагамбетова Сандугаш Сериковна студенттерге ЖИТС туралы жалпы мәлімет және одан қалай сақтану керектігі жөнінде айтып кетті. Тақырыпқа сәйкес арнайы видео роликтер көрсетілді. Арнайы алдын-алу, түрлі анықтамалары мен ескертпелері бар шағын жинақтар студенттерге таратылды.

Университеттің 85-жылдық мерейтойы қарсаңында Тарих факультеті “Туризм” мамандығының 4 курс студенті Спанова Диана және “Туризм” мамандығының 3 курс студенті Жүсіп Нурия жақсы жетістіктер көрсеткені үшін “Үздік студент” төсбелгісімен марапатталды. Құттықтаймыз!

Үстіміздегі жылдың  ақпан айының 11- і күні Б.Сүлейменов атындағы  оқу ғимаратының акт.залында тарих факультетінің сенаторы А.А.Аманжолдың ұйымдастыруымен 1 курс студенттері арасында “Brain Ring” интеллектуалдық  ойыны өткен болатын. Ой мен сана, білім мен білік жарысқан сайыста  жеңімпаз топтар марапатталды.

“Brain Ring” зияткерлік ойынында Туризм ББ-ның (104-топ) өздерінің ұйымшылдығы мен ұшқыр ой танытқаны үшін жүлделі I – орын, Тарих (102-топ) студенттері терең ой мен шапшаңдылықты танытқандары үшін жүлделі II – орын, География – Тарих (103-топ)  пен Тарих ББ-ның (101-топ) студенттері  III – орын ДИПЛОМЫ мен марапатталды.

Сонымен қатар қазіргі әлеуметтік желіге тик-ток  жобасы негізінде топтың белсенділігі мен тапқырлығын анықтау мақсатында бейне жазба түсіріліп жүктелді. Осы ойында белсенділік көрсеткен топтарға “Самая популярная Tik-Tok группа”, “Самая сплоченная Tik-Tok группа”, “Самая креативная Tik-Tok группа”, “Самая лучшая Tik-Tok группа” номинациялары берілді.

Жеңімпаздарды марапаттау үшін ұйымдастырылған мерекелік шараға факультеттің жоғарғы курстағы белсенділері қонақ ретінде шақырылып, оларға АЛҒЫС ХАТтар табысталды.

7 қараша Халықаралық студенттер күніне орай ұйымдастырылған «ЖАСТАР ФОРМАТЫ» фестивалі аясындағы өткізілген факультетаралық сайыста  жүлделі орындарға  ие болған  Тарих факультетінің студенттерін құттықтаймыз. Аталған сайысқа қатысқан Аманжолов Асанәли, Айтпай Олжас – «Битва киноманов»  сайысынан І орын;   Жұмабекова Қызғалдақ, Қуаныш Анель (География – Тарих – 103), Исаева Зарина (Туризм – 104) – «Тимбилдинг»  ойыны бойынша ІІІ орын;  Иван Оралсын, Онкалбаев Аманқос, Тұрғанбаев Ақжол (Тарих-101) –  «Брейн – ринг» интеллектуальдық  ойынынан  ІІІ орын  иеленді. Сабақтың қашықтан оқытылып жатқанына қарамастан факультет намысын қорғап, университеттегі түрлі сайыстарға белсене қатысып жүрген 1 курс студенттеріне алғысымыз шексіз. Болашақ Сіздер секілді ұмтылысы бар, талапшыл жастардың қолында демекпіз.

КеАҚ «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті»

6В01602- «Тарих-Дінтану» білім бағдарламасының  4 курс студенті

Нұрлан Асылжан Нұрланқызының

ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

Халықаралық жетістіктер тізімі:

  • ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойына орай өткізілген «Түркі әлемінің үздік студенті-2021» атты халықаралық байқауының І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМЫ
  • «БІЛІМ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ДАМЫҒАН ҚОҒАМНЫҢ ИНДИКАТОРЛАРЫ» III халықаралық ғылыми-практикалық интернет конференциясына қатысқаны үшін сертификат көшірмесі. Нұр-Сұлтан, 2021 жыл.

Республикалық жетістіктер тізімі:

  • «Білім өркениеті» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы жастар жылы аясында еліміздің студенттері мен магистранттарын қолдау мақсатында тұңғыш ұйымдастырылған «Үздік студенттер академиясы» жобасына қатысқаны үшін құттықтау хат көшірмесі және «Үздік Студенттер Академиясының» мүшесі
  • ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ тапсырысымен «Алматы студенттер Альянсы» КҚ ұйымдастыруымен өткен, «Мен елімнің ертеңімін» инстаграм желісінде эссе(пост) жазу байқауы сертификат көшірмесі
  • ҚР жоғары оқу орындары студенттері арасындағы XIV республикалық Дінтану және Теология пәндік олимпиадасында дінтану бағыты бойынша жалпы командалық III орын диплом көшірмесі. Нұр-Сұлтан, 2022 жыл.
  • Тарих факультеті, т.ғ.д., профессор Х.Хабиев атындағы қоғамдық қоры «Жас Отан. Жастар қанатының» қолдауымен 2022 жылдың 4-7 сәуір аралығында дәстүрлі «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы аясында өткізілген Х.Хабиев атындағы республикалық байқауға қатысқаны үшін алғыс хат көшірмесі. Алматы, 2022 жыл.
  • Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы ұйымдастырған, «XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық байқауына қатысып, II кезеңіне жолдама алып, белсенділік танытқаны үшін, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының Төрағасы – А.Т.Перуашев атынан алғыс хат көшірмесі. Ақтау, 2021 жыл.
  • 2021 жылғы 20 қазанда Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында өткізілген «Қазақстанның кеңестік кезеңдегі тарихы: зерттелуі мен мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда баяндама жасағаны үшін сертификат көшірмесі. Алматы, 2021 жыл.
  • ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі тапсырысымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕ АҚ үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік грантының «Тарих ақтаңдақтары» саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жобасы аясында, «Әлихан Бөкейхан университеті» қолдауымен «Салауат» Шығыс Қазақстан облыстық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстан қасіреті» тақырыбында ЖОО студенттерінің арасында Республикалық ғылыми жобалар байқауы III орын диплом көшірмесі. «Салауат» ШҚО, 2021 жыл.

Қалалық, облыстық, аймақтық жетістіктер тізімі:

  • Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің кубогіне арналған аймақтық «ZHANGIR CUP III» дебат турнирі сертификат, «Ұлттық патриотизм – азаматтық пен парасаттылық белгісі» атты пікірсайыс турнирі алғыс хат көшірмесі
  • Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған,  түрік тілі курсының орта деңгейін толық меңгеріп, курстан өткендігін куәландыратын сертификат көшірмесі
  • MDSG (Mugalim Development Scholarship Group) ұйымдастырған семинарда, «MDSG Talks» номинациясы бойынша ең үздік спикер I орын диплрм көшірмесі
  • Ағылшын тілінің деңгейі – В1.
  • «Ұлттық патриотизм – азаматтық пен парасаттылық белгісі» атты пікірсайыс турнирі алғыс хат көшірмесі. Ақтөбе, 2020 жыл.
  • «ҚР халқының тілдері күні» мерекесіне орай өткізілген «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты пікірсайыс турнирі I орын. Ақтөбе, 2019 жыл.
  • Облыстық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған «Жас Журналист» онлайн курсына қатысып, БАҚ және әлеуметтік желімен жұмыс тәсілдерін бастапқы деңгейде меңгергені үшін сертификат көшірмесі

Университетішілік жетістіктер тізімі:

  • Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаменті мен «Музыка және хореография» кафедрасының ұйымдастыруымен, Ұлы Жеңіске 75 жыл толуына орай, «Ұлы жеңіс» атты патриоттық онлайн өнер байқауы «КӨРКЕМ СӨЗ» жанры бойынша ІІІ орын диплом көшірмесі
  • Тәуелсіз ҚР-ның 30 жылдығына арналған «Ғылым апталығы – 2021» аясында ұйымдастырылған, «ТАРИХИ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ» атты студенттер арасындағы онлайн ғылыми-теориялық конференциясы диплом көшірмесі
  • «Менің әдістемелік кеңістігім» – әдістемелік марафонының аясында «XIX ғ. екінші жартысындағы Қазақстандағы ағартушылық ойлардың қалыптасуы мен дамуы» атты ашық семинар сабағына белсенділік танытқаны үшін мадақтама
  • Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті КеАҚ Басқармасының 2021 жылғы «09» 11 шешімімен (№7 хаттама) «Үздік Студент» медалі куәлік көшірмесі.0

Байланыс телефоны: 8 771 229 6215 . nurlan.asylzhan@bk.ru

Жұбанов университетінің 10 студенті «Үздік студент» төсбелгісімен марапатталды.

Соның ішінде Тарих факультетінің «Тарих» білім бағдарламасының 3-ші курс студенті Иван Оралсын Айтқұлұлын факультет атынан марапатымен құттықтаймыз!

Оқуда озат болып, биік жетістіктеріңмен ерекшелене беруіңе тілектеспіз !