8D02201 – Тарих

Шифры –мамандықтың  атауы:

8D02201 – «Тарих».

Оқу мерзімі:

Ғылыми және педагогикалық бағыт – 3 жыл;

бейіндік бағыт – 3жыл.

Берілетін дәреже:

8D02201 – «Тарих» мамандығы бойынша  гуманитарлық ғылымдар докторы (PhD).

Кәсіби іс – әрекетінің саласы:

  • жоғары оқу орны жүйесіндегі білім беру (педагогикалық) іс-әрекеті;
  • ғылыми зерттеу жұмысы;
  • сыртқы экономикалық және сыртқы саясаты салаларындағы басқару қызметі;
  • жобалық: жобалау, ғылыми-зерттеу институттары мен ұйымдарда кіші және аға қызметтер, кеңесші ретінде жұмыс жасау.

Кәсіби іс- әрекетінің пәні:

  • Дүниежүзі және отан тарихы салаларындағы арнайы ғылыми зерттеулер, тарихи деректер, кітапхана қорлары;
  • Әдіснама мен ғылыми және пәнаралық ғылыми зерттеулердің практикалық икемділіктерін білу және оларды оқытушылық, ғылыми- зерттеу, аналитикалық іс-әрекеттерде қолдану.

Кәсіби іс – әрекетінің түрлері:

  • педагогикалық әрекеті;
  • ғылыми-зерттеу әрекеті;
  • мәдени – ағарту әрекеті;
  • ұйымдастыру әрекеті;
  • сараптау – талдау әрекеті.

Кәсіби іс – әрекетінің нысандары:

Жоғарғы оқу орындары; ғылыми-зерттеу институттары, ведомствалық ғылыми – зерттеу ұйымдары, музейлер, архивтерде мемлекеттік басқарудағы ішкі саясат органдарындағы бақылау – талдау қызметі.

Іс – тәжірибе базалары:

  • Ақтөбе облыстық тарихи – өлкетану музейі;
  • Ақтөбе облыстық мемлекеттік мұрағаты.

Докторантураға білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандары келесі мерзімдерде өткізіледі:

1) жылдың 4 тамызынан 20 тамызына дейін;

2) жылдың 19 қарашасынан 11 желтоқсанына дейін.

Құжаттарды тапсыру кезінде түсуші білім беру бағдарламаларының бір тобына бір ЖЖОКБҰ көрсетеді.

Докторантураға түсетін тұлғалар келесі құжаттар пакетін тапсырады:

1) еркін нысандағы өтініш;

2) білімі туралы құжат (түпнұсқа, қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсырған кезде);

3)жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

4) шетелдік азаматтарды қоспағанда, ҰТО берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсыру туралы ресми сертификат (ҚАЗТЕСТ);

5) Шет тілін меңгергенін растайтын Сертификат:

Ағылшын тілін білуі бойынша:

International English language Test System Academic (Интернэшнл Инглиш Лангуэдж Тестс Систем Академик) (IELTS) (АЙЛТС Академик), шекті балл-кемінде 5.0;

Test of English a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (Тест оф Инглиш фз а Форин Лангудж Инститыошнал Тестинг програм Интернет бейсед тест) (TOEFL IBT) (Тойфл АЙТИПИ), шекті балл-кем дегенде 417;

TOEIC (Test of English for International Communication (Тест оф Инглиш фо Интернейшнал коммуникэйшн), шекті балл-кемінде 550;

Duolingo English Test (Дуолинго Инглиш Тест), шекті балл-кемінде 80;

Неміс тілін білуі бойынша:

Deutshe Sprachpruefung fuer den Hoshchhulzugang Niveau B1 (дойче щпрахпрюфун фор дейн хохшулцуган ниво В1) (DSH. Niveau B1) – В1 деңгейінен төмен емес;

TestDaf – Prufung Niveau B1 (тестдаф-прюфун ниво В1) (ТЙДИЭФ, ниво В1) – B1 деңгейінен төмен емес;

Француз тілін білуі бойынша: 

Test de Francais International (Тест де франсэ Интернасиональ) (TFI) (ТФИ) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес;

Diplome d Etudes en Langue francais (Диплом дэтюд ан Ланг франсэз) (DELF) – В1 деңгейінен төмен емес;

Diplome Approfondi de Langue francais (Дипллом Аппрофонди де Ланг Франсэз) (DALF) (ДАЛФ) – В1 деңгейінен төмен емес;

Test de connaissance du francais (Тест де коннэссанс дю франсэ) (ТСF) (ТСФ) – B1 деңгейінен төмен емес.

6) № ҚР ДСМ -175/2020 бұйрығымен бекітілген Электрондық форматтағы 075/е нысаны бойынша Медициналық анықтама

7) 3х4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет

8) шетелдік азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат;

9) соңғы 3 жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі (бар болса), зерттеу және эссе жүргізу жоспары;

10) алдын ала іріктеу нәтижелері (білім беру, денсаулық сақтау саласы бойынша).

4), 5) және 8) тармақшаларда санамаланған құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады.

Test of English a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (Тест оф Инглиш фз а Форин Лангудж Инститыошнал Тестинг програм Интернет бейсед тест) (TOEFL IBT) (Тойфл АЙТИПИ) сертификаты бар тұлғалар түсу емтиханы басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді (бұдан әрі – қосымша тестілеу) тапсырады докторантураға.

Қосымша тестілеудің тест тапсырмаларының саны 100 сұрақты құрайды. Ең көп ұпай саны-100 ұпай.

Қосымша тестілеу “қабылданды” немесе “қабылданбады” нысанында бағаланады. “Қабылданды” бағасын алу үшін кемінде 75 балл жинау керек.

Қосымша тестілеу ҰТО-да Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйымдарда өткізіледі.

Қосымша тестілеуді тапсыру күні, уақыты мен орны оқуға түсушілердің назарына жеке кабинеті арқылы жеткізіледі.

Қосымша тестілеу нәтижелері қосымша тестілеу аяқталғаннан кейін компьютер экранында көрсетіледі.

Қосымша тестілеу нәтижелері бойынша электрондық сертификат беріледі, ол ҰТО сайтында жарияланады және расталады және түсушінің жеке кабинетіне жіберіледі.

4-20 тамыз аралығында өткізілген қосымша сертификат ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін жарамды.

18 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өткізілген қосымша Сертификат келесі жылдың 1 наурызына дейін жарамды.

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың толық емес тізбесі ұсынылған кезде қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.


«8D02201-Тарих» білім бағдарламасы бойынша

PhD докторантураға түсушілерге арналған емтихан сұрақтары

  1. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы мұсылман руханиятының рөлі мәселесінің тарихнамалық-деректемелік негізін ашыңыз.
  2. Кеңестік реформалардың ауыл шаруашылығына ықпалы мәселелерінің жаңаша тұжырымдалуын ашыңыз.
  3. XVIII-XIX ғғ. қазақ-ресей және қазақ-қытай қарым-қатынастарының теориялық-әдіснамалық мәселелеріне талдау жасаңыз.
  4. Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының кезеңдері, ерекшелігі және тарихи маңызы.
  5. ХVІІІ-ХІХ ғғ. қазақ-қытай қарым-қатынастарының ерекшеліктерін ашыңыз.
  6. Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтар үлесі мәселесіне талдау жасаңыз.
  7. Ресей империясының отаршыл жер саясатының кеңестік кезеңдегі теориялық-әдіснамалық негіздерінің мән-мазмұнын ашып көрсетіңіз.
  8. Жаңа замандағы Қазақстан тарихына қатысты шетелдік зерттеулерге тарихнамалық-деректемелік талдау беріңіз.
  9. Қазақстандағы кеңестік тарих ғылымының қалыптасу, даму бағыттарын талдаңыз.
  10. Кеңестік Қазақстан тарихының Батыс тарихнамасындағы зерттелу деңгейіне талдау беріңіз.
  11. Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасындағы ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы қазақ хандығы тарихының мәселелерін баяндаңыз.
  12. ХVІІ-ХVІІІ ғғ. Батыс тарихнамасындағы Қазақстан тарихы мәселелерін баяндаңыз.
  13. Қазақстандағы мәдени төңкерістің тарихы мен тарихнамасын баяндаңыз (ХХ ғ. 20-30 жж.).
  14. ХVІІІ-ХІХ ғғ. халық ауыз әдебиеті үлгілерінің Қазақстан тарихының дерек көзі ретіндегі маңызын баяндаңыз.
  15. Антикалық және ежелгі шығыстық өркениеттің дамуының ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.
  16. Кейінгі орта ғасырлардағы Еуропаның экономикалық даму ерекшеліктерін сипаттаңыз (XVI-XVII ғ. ортасы).
  17. Ағартушылық дәуірдегі қоғамдық-саяси ой мен мәдениеттің дамуын сипаттаңыз.
  18. Қоғамдық дамудың эволюциялық және революциялық модельдеріне салыстырмалы талдау жасаңыз.
  19. Латын Америкасы елдерінде XIX ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық күрес пен революциялық қозғалыстардың тарихын, жаңа мемлекеттердің пайда болуын сипаттаңыз.
  20. Қазіргі замандағы Шығыс пен Батыс елдерінің өркениеттік дамуының ерекшеліктерін салыстырыңыз.
  21. Э.Тоффлердің постиндустриалды қоғам теориясының («Үшінші толқын» деп аталатын) мазмұндық ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз.
  22. ХІХ-ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық көтерілістер тарихына қатысты зерттеулерге Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасындағы жаңаша бағаның берілуін баяндаңыз.
  23. Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасындағы тарихи-демографиялық зерттеулердің қолға алынуы және барысын талдаңыз.
  24. Кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргін құжаттарының ұлт-азаттық қозғалыстар тарихының дерек көзі ретіндегі маңызын баяндаңыз, мысал келтіріңіз.
  25. Заң актілерінің Тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі ретіндегі маңызын баяндаңыз, мысал келтіріңіз.
  26. Деректанулық талдау методикасы мен принциптерін талдаңыз.
  27. Тарихи деректерді сыныптауды баяндаңыз, мысал келтіріңіз.
  28. Ресей империясының қазақ өлкесіне қатысты қабылданған заң актілеріне талдау жасаңыз.
  29. ХХ ғ. 20-30 жж. Қазақстанда ғылыми мекемелердің пайда болуы мен Қазақстанды зерттеу қоғамының тарихын баяндаңыз.
  30. А.Ш.Қадырбаев, Б.Е.Көмеков, С.М.Сыздықов, С.К.Игибаев зерттеулеріндегі Қазақстан территориясындағы тайпалық одақтар мен ерте мемлекеттік бірлестіктер тарихы мәселелерін баяндаңыз.
  31. Ю.А.Зуев, С.К.Игибаев, Т.З.Кайыркен, С.Каржаубай, Т.С.Жұмағанбетов зерттеулеріндегі көне түркі мемлекетінің тарихы, саяси жүйесі, әлеуметтік құрылымы және түріктердің тарихи ескерткіштері мәселелерін баяндаңыз.
  32. Революцияға дейінгі және кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихы мәселелерінің шетел тарихнамасындағы талдануын баяндаңыз.
  33. Н.Я.Бичурин, В.В.Бартольд, Н.А.Аристов, Н.М.Бернштам, Л.Н.Гумилевтің еңбектеріндегі Түрік қағанатының қалыптасу мен басқару жүйесінің тарихнамасын талдаңыз.
  34. Қазіргі Батыс тарихнамасындағы антропосоциогенездің негізгі мәселелерін талдаңыз.
  35. Араб мәдениетінің орта ғасырлардағы адамзаттың өркениеттік дамуына қосқан үлесін сипаттаңыз.
  36. Француздық «Анналдар» тарих мектебінің пайда болуы мен даму кезеңдерін сипаттаңыз, оның қазіргі тарих ғылымының дамуындағы орнына баға беріңіз.
  37. Ерте жаңа замандағы еуропалық абсолютизмінің қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін сипаттаңыз.
  38. Еуропадағы діни Реформация процесінің себептерін, барысы мен салдарына талдау жасаңыз.
  39. Отарлық жаулап алушылықтың басталуының негізгі алғышарттары мен себептерін, ірі отарлық империялардың құрылу процесін талдаңыз.
  40. Жаңа замандағы Еуропадағы революциялық қозғалыстарға деректанулық талдау жасаңыз: алғышарттары, кезеңдері, саяси бағдарламалары, нәтижелері.
  41. Жаңа заман дәуіріндегі халықаралық қатынастар жүйесінің қалыптасу ерекшеліктеріне, «ұлы державалар» ұғымына талдау жасаңыз.
  42. Кеңес Одағының ыдырауының алғышарттары мен себептерін талдаңыз, осы оқиғаның геосаяси тұрғыдағы салдарын бағалаңыз.
  43. Деректанулық зерттеу әдіс-тәсілдерінің ерекшеліктерін саралаңыз.
  44. Кеңестік тарих ғылымындағы методологиялық шектеулік негізінің мәнін ашыңыз.
  45. Шежіренің қазақ тарихы деректануындағы орнын айқындаңыз.
  46. Отандық деректану ғылымының теориялық-әдіснамалық мәселелерін ашыңыз.
  47. Тарихнама ғылымының методологиялық негіздерінің мәнін ашыңыз.
  48. Отандық тарихтың тəуелсіздік жағдайындағы методологиялық жəне теориялық мəселелерін талдаңыз.
  49. Деректану ұғымдары мен терминдері және мерзімді басылымдарды сыныптауға талдау беріңіз.
  50. «Айқап» журналы және «Қазақ» газетінің идеялық мазмұнын ашыңыз.
  51. Теориялық-әдіснамалық синтез мәселесінің қазіргі кездегі мәнін ашыңыз.
  52. Тарихи деректерді сыныптау ұстанымдарының мәнін ашыңыз.
  53. Кеңестік тарихшылар зерттеулеріндегі (И.Я.Златкин, Н.Г.Аполлова, В.Я.Басин, В.А.Моисеев) қазақ-жоңғар және қазақ-қалмақ қарым-қатынастары мәселесін баяндаңыз, салыстырыңыз.
  54. Тарихи әдебиеттегі «әскери коммунизм» саясаты мен 1921-1922 жж. ашаршылық және кеңестік билікке қарсы өңірлік көтерілістер мәселесін баяндаңыз. Зерттеушілердің пікірін келтіріңіз.
  55. Қазақстандық зерттеушілердің E.Пугачев басшылығымен қазақтардың шаруалар көтерілісіне қатысу тарихына қатысты еңбектерін (Н.Е.Бекмаханов) баяндаңыз.
  56. ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан халқының әлеуметтік-саяси санасының өсуі мен дамуы (Д.Кабдиев, К.А.Жиренчин) мәселесінің ХХ ғасырдың 50-80 жылдардағы зерттелуін баяндаңыз.
  57. Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасындағы ХХ ғасыр басындағы ұлттық-демократиялық қозғалыс тарихының зерттелуін баяндаңыз.
  58. Антикалық қоғамның әлеуметтік құрылымының ерекшеліктерін талдаңыз және сипаттаңыз.
  59. Ұлы француз буржуазиялық революциясының алғышарттарына, себептеріне, барысы мен салдарына талдау жасаңыз. Мәселенің тарихнамасын сипаттаңыз.
  60. «Өнеркәсіптік революция» ұғымын сипаттаңыз. Ғылыми-техникалық прогресс пен капитализмнің батыс қоғамына ықпал ету ерекшеліктерін талдаңыз.
  61. Әлемдік отарлық жүйенің жалпы және нақты ерекшеліктерін талдаңыз, мәселенің деректік негізін сипаттаңыз.
  62. Бірінші дүниежүзілік соғыстың демографиялық, саяси және экономикалық салдары туралы деректанулық мәліметтерді талдаңыз.
  63. Антикалық философиялық ой мен тарихнаманың негізгі бағыттарына талдау жасаңыз.

ecce