«Менің ата-бабаларымның Жеңіске қосқан үлесі»

Құрметті Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенттері, магистранттары, докторанттары мен оқытушылары!

Үстіміздегі жылы елімізде Ұлы Жеңістің 75 жылдығы атап өтіледі. Уақыт өткен сайын оның тірі куәгерлері мен қаһармандары күн санап азая түсуде. «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» демекші соғыс жылдарында Отан қорғауға атсалысқан қаһармандарымыздың ерліктері мен тылдағы қарт аталар, аналар мен жасөспірімдердің де еңбек ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес. Соғыс бірде-бір шаңырақты айналып өтпеді. Соғыстың ауыртпалығын барлық халық бірдей жұмыла көтерді. Әркім жаумен күрестегі жеңіске өз үлесін қосуға тырысты.

«Менің ата-бабаларымның Жеңіске қосқан үлесі» акциясының мақсаты – Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өз әулетінің тарихын жинақтап, зерттеу.

Жинақталған материалды баспадан шығару көзделіп отыр. Сондықтан талапқа сай ресімдеуді сұраймыз.

Бұл туысқандармен сұхбат, отбасылық архивтегі суреттер, награда құжаттары және құжатты деректер негізінде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әулетіңнің тарихы туралы жинақталған материал болуы шарт.

Материал жинауға қойылатын талаптар, байланыс телефондары, эл. пошта жоғарыда көрсетілген.