2020 жылдың 16-қазанында…

2020 жылдың 16-қазанында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 5В020300-«Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша XІІ Республикалық студенттердің пәндік онлайн олимпиадасы MICROSOFT TEAMS платформасында онлайн форматта өтіп, сайыс қорытындысы бойынша университеттің «5В020300-Тарих» ББ бойынша жасақталған «Тарихым» командасы жүлдері ІІІ орынды иеленді. Команда жетекшісі Тарих және дінтану кафедрасының доценті, т.ғ.к. Аман Әлібек Бақытжанұлы, команда құрамы: капитаны 4-курс студенті Джумагалиева Нурия, мүшелері 4-курс студенттері Жұмабаева Салтанат, Ғұбайдуллина Мөлдір, 3-курс студенті Нұрланов Еламан.
Команда «XІІ Республикалық студенттердің пәндік онлайн олимпиадасында жалпыкомандалық есепте ІІІ орын иеленгені үшін» дипломммен, команда жетекшісі «XІІ Республикалық студенттердің пәндік онлайн олимпиадасына команда дайындағаны үшін» алғыс хатпен марапатталды.
Олимпиаданың мақсаты студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашып көрсету, студенттердің интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруда көмек көрсету, ғылымға деген қызығушылықтарын дамыту болып табылады.
Сайыс 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде командалардың бейне таныстырылымы өткізіліп, университетінің, факулътетінің жетістіктері презентацияланды. «Интеллектуал» деп аталатын екінші кезең «Капитандар конкурсы» және «Шығармашылық Challenge» деген екі бөлімнен тұрып, сайыстың екінші түрі челленджінің видеобейнесі форматында өтіп, студенттер Абай өлеңдерін оқыды. Олимпиаданың үшінші кезеңі үй тапсырмасына берілген «Абай мұрасы және қазіргі жастар» тақырыбында ғылыми жобалар конкурсына «Тарихым» командасы «Абай мұрасы жастар тәрбиесінің қайнар көзі» атты ғылыми жобасын ұсынды.
Команданы олимпиадаға дайындауға атсалысқан Тарих және дінтану кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., доцент Ізбасарова Гүлбану Болатқызына, аға оқытушы, тарих магистрі Сарбаев Асқар Бердімұратұлына және басқа да тілекші оқытушылар мен факультет басшылығына алғыс білдіреміз.