Бүгін 03.03.2021, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің…

Бүгін 03.03.2021,  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Тарих факультеті, География және Туризм кафедрасы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тұғыры – өркениеттілік» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Өркениет білімнен басталады. Тәуелсіздік алғалы бері мемлекетіміздің білім беру жүйесіндегі жетістіктер мен жаңашылдықтарын, сонымен қатар университетіміздің түлектерінің толағай табыстарымен, тәжірибелерімен бүгінгі дөңгелек үстелдің барысында талқыланды. Негізгі мақсаты жастарымызға, студентенттерімізге біздің білім жүйесінің қандай мүмкіншіліктері бар екенін көрсету, олармен таныстыру,сонымен қатар бакалаврдан кейінгі оқуды жалғастыру жолдарын түсіндіру. Дөңгелек үстелге  кафедра оқытушылары, факультет деканы Купенова Г.Ы., тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Тасқымбаева Р.Б., география және туризм кафедрасының меңгерушісі Әбденов А.Ж.,  Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік саси пәндер кафедрасы меңгерушісі Сәрсембин Ү.Қ, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Финляндия НАМК университетінің түлегі Қайрлиева Г.Е. және 50 – ден астам студенттер мен магистранттар қатысты.

Бүгінгі шарада еліміздің Тәуелсіздік алғаннан кейінгі білім беру саласындағы жетістіктері, оң өзгерістері туралы бірқатар пікірлер өрбіді. Қазіргі кезде білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылау алаңының болуы орынды мәселе деп ойлаймыз