6В01603 – Тарих және қоғамтану

Шифр-мамандықтың атауы:

6В01603-Тарих және қоғамтану (ІР)

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):

Инновациялық ББ

Жетекші университет:

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Қатысушы университеттер

  • Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
  • Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты
  • Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан университеті
  • Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
  • Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

Оқу түрі, мерзімі:

Күндізгі: 4 жыл

Берілетін дәреже:

6В01603 – Тарих және қоғамтану мамандығы бойынша білім бакалавры

ББ ерекшелігі:

«Тарих және қоғамтану» ББ – студенттердің сыни тарихи ойлауы мен санасын қалыптастыруға бағытталған пәндердің симбиозын қамтитын, жаңа біріктірілген бағдарлама.

ББ мектептің құқық және дінтану негіздерін оқыту үшін қажетті құзыреттіліктері бар тарих пәні мұғалімдеріне деген қажеттіліктерін қанағаттандырады.

Бағдарлама орта мектептің де, оқушының да сұранысын ескере отырып жасалған. БББ әзірлеушілердің тәжірибесі болшақ мұғалімдердің қажеттіліктерін де, аймақтық ерекшеліктерді де ескеруге мүмкіндік берді.

ББ дамыту пәнаралық, ғылыми интеграцияланған және проблемалық-бағдарланған тәсілдерге негізделген. Пәндік оқу курстарын таңдау тарих пен қоғамның өзекті мәселелеріне және халықаралық пәндік дескрипторларға сәйкес келеді.

Кәсіби қызметінің саласы:

  • білім беру саласы;

Кәсіби қызметінің нысандары:

жалпы және арнайы мамандандырылған мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер және басқа да орта арнайы оқу орындары, жоғары оқу орындары, педагогикалық, тарихи білім беру кабинеттері және білім беру мекемелері.

Кәсіби қызметінің пәні:

Тарих, дінтану, құқық негіздері.

Кәсіби қызметінің түрлері:

  • білім беру саласында (педагогикалық): жалпы орта, орта кәсіптік оқу орындарында, жоғары оқу орындарында мұғалім (оқытушы) ретінде;
  • тәрбиелік: қосымша білімі бар оқытушы-әдіскер, бөлім басқарушысы және мекемелерде мектептен тыс білім беру қызметкерлері болу;

Практика базалары:

Ақтөбе қаласы және облысының мектептері мен колледждері.