Денсаулық үшін сағат

4 сәуір күні Қонбай Е.Қ. “География-306” тобымен “Дені саудың – жаны сау” тақырыбында онлайн ашық кураторлық сағатын өткізді. Кураторлық сағатта студенттер денсаулықтың әр кез біз үшін бірінші орында екендігін және қазіргі уақытта еліміздегі ахуалды жақсарту үшін тазалық сақтап, айтылған ережелерді мұқият орындауымыз қажет екендігін талқылады.