Карантинде өзін қалай ұстау керек

Үстіміздегі жылдың 4 сәуірінде Тарих факультеті Тарих және дінтану кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. А.Т.Мәден өз топтарымен «Төтенше жағдай кезінде студенттердің күн тәртібін ұйымдастыру» тақырыбында онлайн ашық кураторлық сағатын өткізді. Кураторлық сағат барысында А.Т.Мәден студенттерге төтенше жағдай кезінде өз күн тәртібін тиімді ұйымдастыруға қатысты кеңестер берді, жалпы студенттердің қазіргі қашықтан оқу кезіндегі өз күндерін өткізуі, сабаққа дайындалу, тапсырмаларды орындау және керіс байланыс жасау тәжірибелері талқыланды. Сондай-ақ, оқу топтарымен кездесу барысында студенттердің сабаққа қатысымы, оқу үлгерімі, университетпен келісім-шарт міндеттемелерін орындауы, т.б. ағымдағы мәселелер қарастырылды. Кураторлық сағат соңында студенттер елімізде уақытша қалыптасқан қиындықтарды бірлесе отырып еңсеруге сенім білдірді.