Құрметті мектеп түлектері!

Бірнеше айдан кейін сіздер мектеп қабырғасынан ересек өмірге қадам басасыздар. Қазір сіздердің көбіңіз болашақ мамандық таңдау барысындасыздар . Егер сіз туған өлкеңіздің тарихына жақын болсаңыз, сіздің өмірлік ұстанымыңыз – Отан, Патриотизм, тарих, мәдениет, мұра ұғымдарымен үндес болса, онда бұл ақпарат сіз үшін қызықты болады.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің тарих факультеті сіздер үшін өз есігін ашуға дайын!