Менің өлкем! Камера! Мотор!

15.09 – 27.09 география және туризм кафедрасының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік туризм күніне арналған «Менің өлкем! Камера! Мотор!»

Видеоэкскурсиялар байқауы ұйымдастырылды. Байқау өскелең ұрпақтың туған өлкенің тарихы мен географиясына деген қызығушылығын арттыруға, жаңа көрікті жерлерді анықтауға, жастар арасындағы шығармашылық бастамаларды қолдауға және өскелең ұрпақты туған өлкенің тарихын, географиясын зерттеуге тартуға бағытталған.

Байқауға студенттер  «Үздік мәдени-танымдық бейнеэкскурсия»,  «Менің өлкеме қош келдіңіздер!», «Этнографиялық калейдоскоп», «Өлкенің табиғи байлығы» сынды тақырыптарда видеоэкскурсилар ұсынған болатын.

Байқау қорытындылары бойынша:

Гран – При – Абдрахман Амина Алибековна «Менің өлкемнің тарихи ескерткіші»;

1 орын – Қабылашева Дана, Аширбекова Камшат

2 орын – Джантасова Лейла

3 орын –  Өтегенова Тоғжан иеленді.

Байқау жеңіпаздарын құттықтаймыз!!!