Бейне-экскурсиялар байқауы

Байқау өскелең ұрпақтың туған өлкенің тарихы мен географиясына деген қызығушылығын арттыруға, жаңа көрікті жерлерді анықтауға, жастар арасындағы шығармашылық бастамаларды қолдауға және өскелең ұрпақты туған өлкенің тарихын, географиясын зерттеуге тартуға бағытталған.

Өлкетану бейнеэкскурсиясы – жергілікті тарих және мәдениет ескерткіштері, мұражайлар, кәсіпорындар, бірегей табиғи объектілер және т.б. туралы баяндайтын бейнефильм. Бейнеэкскурсиялар: мақсаттары бойынша — оқу (оның ішінде оқу-өндірістік, кәсіптік бағдарлау, тәжірибе алмасу үшін), мәдени-ағарту, ғылыми; тақырыбы бойынша; объектілердің орналасқан жері (заттай, музей); қатысушылар құрамы бойынша (әртүрлі жас топтары, әртүрлі бейіндегі мамандар, туристер мен оқушылар және т. б. үшін) ерекшеленуі мүмкін.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ