Қыркүйек айының басынан 29 қазанға…

Қыркүйек айының басынан 29 қазанға дейін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің, «QazaqGeography» РҚБ, Ақтөбе облыстық тарихи – өлкетану музейінің қатысуымен «Сүйікті өлке объектив арқылы» атты фотоконкурс ұйымдастырылды. Байқау оқушылардың, студенттердің, магистранттар мен оқытушылардың шығармашылық, танымдық және әлеуметтік белсенділігін ынталандыруға, эстетикалық талғамын дамытуға бағытталған. Байқау аясында Ақтөбе облысының әр өңірінен 35 өтінім келіп түсті.
Байқау қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар берілді:
1 орын. Аслан Мусенов-Ақтөбе қаласының Жастар ресурстық орталығы КММ, фотограф
2 орын Карина Шумейко Терісаққан ОМ, Қобда ауданы, 11 сынып оқушысы
3 орын Шагирова Дильназ Русланқызы-Қ. Жұбанов атындағы АӨУ филология факультетінің 1 курс студенті
Қазылар алқасының төрағасы – «National geographic Kazakhstan» журналының фотографы, «QazaqGeography» РҚБ мүшесі Дмитрий Ругис.