Университетіміздегі IT апталығы аясында 03.12.2020 күні Тарих факультетінің…

Университетіміздегі IT апталығы аясында 03.12.2020 күні  Тарих факультетінің  География және туризм кафедрасының ұйымдастыруымен «Инновациялық туризм» кабинетінің ашылу салтанаты өтті.

Кабинеттің ашылу салтанатына университет ректоры Бауыржан Аманкелдіұлы және әкімшілік өкілдері, Жоғарғы колледж директоры, «ЗереТур» туристік фирмасы директоры, «Қалалық жас туристер» стансасы әдіскері, кітапхана меңгерушісі, факультет ПОҚ, студенттер және магистранттар қатысты.

Аталған іс -шарада  «Заманауи технология және туризм» тақырыбында әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Семинар 3 бағыттағы тақырыпты қамтыды:

– бірінші бағыты –  «Интерактивті панель туристік білім беру үрдісінде». Бұл тақырып бойынша кабинет үшін жасақталған панельдің мүмкіндіктері ( смарт – тақта, таймер, спиннер, виртуальды турлар көрсету т.б.) ашып көрсетілді.

– ArcGis Desktop 10.8 бағдарламасын туристік маршруттарды сызуда қолдану бойынша 7М01506 «География» ББ 1 курс магистранттары геоақпараттық жүйелерді туризм саласында тиімді пайдалану мүмкіндіктерін облыстың туристік орындарын картада түсіру мысалында көрсетті;

– бағдарламаға сәйкес  «белсенді туризм және туристік құралдар»  тақырыбында  кафедра филиалы  «Қалалық жас туристер» стансасының әдіскері мен 6В11101 – «Туризм» ББ студенттері бірлескен шеберлік – класс өткізді.

Шара аясында оқулықтар мен әдістемелік құралдар көрмесі ұйымдастырылды. Аталмыш салтанатты рәсім білім бағдарламасы студенттерінің тамаша күйімен көркемделді.