Үстіміздегі жылдың 3 ақпанында Қ.Жұбанов атындағы АӨУ…

Үстіміздегі жылдың 3 ақпанында Қ.Жұбанов атындағы АӨУ география жəне туризм кафедрасының “Турист жəне өлкетанушы ” ғылыми үйірмесінде кезекті онлайн -кездесу “Туризм саласының бүгінгі жағдайы” тақырыбында ұйымдастырылды. Үйірме жетекшісі, т.ғ.к Г.Ж.Сулейменова шара барысында студенттерге өлкетанудың əр адамға қажеттілігін түсіндіре отыра, ғылыми іздеудің ерекше орнын түсіндірді. Шараға қатысушы “Зеретур”ЖШС директоры Б.Х. Крамбаева жастармен бірге таңдаған мамандықтарының болашақта ел өркендеуінде аса маңызды екендігін талқылап, ғылымға, білімге ұмтылуға шақырды. “Туризм” 2к. студенті Н. Қалила осы орайда статистикалық мəлімдемелер арқылы туризм саласының кəзіргі уақыттағы даму деңгейін ой елегіне салды.