Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің базасында…

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің базасында өткен ҚР ЖОО-ы арасында 5В011400 – «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша XII Республикалық студенттердің пәндік онлайн олимпиадасына Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті атынан «Шамшырақ» командасы қатысқан болатын.

Білім сайысы 3 турдан өтілді. І тур – «Таныстыру», ІІ тур- «Зияткерлік» деп аталып, 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең – «Капитандар сайысы», екінші кезең – «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» бойынша шығармашылық challenge орындау. ІІІ тур – үй тапсырмасы «Абай әлемі және бүгінгі қоғам» тақырыбында ғылым жобалар конкурсынан тұрды.

Біздің тарихшылар командасы олимпиада барысында білім ордасының өзіндік ерекшеліктері мен жетістіктерін әртүрлі формада таныстырды. Батыс аймақтағы киелі жерлердің тарихын арнайы маршурттармен challenge ретінде көрсетті. Білімдік сайысында да топ берілген барлық сұрақтарға дұрыс,толық, нақты жауап берді.

«Абай шығармашылығы мен Елбасы Н.Ә.Назарбаев саясатының сабақтастығы» тақырыбында даярланған ғылыми жобасы да әділқазылар тарапынан да жоғары бағаланды.

Білім сайысының барлық турларында «Шамшырақ» командасы жақсы нәтижелер көрсетіп, олимпиаданың негізгі екі көрсеткіші бойынша да жүлделі орындарды иеленді. Жалпы командалық есеп бойынша жүлделі -3 орынды алса, жеке көрсеткіш бойынша команда капитаны – Байкулова Айгерім жүлделі 3 орынды иеленді.

«Шамшырақ» командасының жетекшісі – тарих және дінтану кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Нұрлыгүл Сапаққызы Аликулова болды. Команда құрамында «Тарих» мамандығының 3-4 курс студенттері: Байкулова Айгерим, Телбаева Назира, Аманжолова Манар, Ескуатов Манарбек болған болатын.

Білім додасында университетіміздің намысын қорғап, жүлделі орынға ие болған тарихшыларымыздан құралған «Шамшырақ» тобы мүшелерін: Нұрлыгүл Сапаққызы Аликулова, Байкулова Айгерим, Телбаева Назира, Аманжолова Манар, Ескуатов Манарбектерді жеңістерімен құттықтаймыз! Мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық және шығармашылық жетістіктер тілейміз!