3 наурыз күні оқу залы бөлімшесінің кітапханашылары…

3 наурыз күні оқу залы бөлімшесінің кітапханашылары «Кемел Білім» мектеп-интернатымен бірлесіп, Мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына орай «Алаш ұлы» атты тарих сағатын өткізді.

Осы орайда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы А.М.Еспембетова туған жұртының азаттығы үшін саяси жолдағы Ә.Бөкейхановтың қызметіне тоқталып, дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының тарих пәні мұғалімі, тарих магистрі А.Г.Батыргалиева қазақ ғылымындағы еңбектерін, оның бүгінгі тәуелсіздік мұраттарымен сабақтасып жатқандығын атап,№30 қазақ орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі А.Д.Джугунысова өміршең көзқарастарын кеңінен баяндап берді.

Оқушылар тарапынан баба рухына арнап Талғатқызы Нұрхая Ғабиден Қожахмет «Алаш асылдары», Дүйсенбаева Айшабибі С.Торайғыров «Таныстыру» өлеңдерін оқыды.

Шара барысында«Қазақ тарихындағы ұлы тұлғалар» атты кітап көрмесі,«Әлихан Бөкейханов-тарихи тұлға» тақырыбында слайд ұйымдастырылып, Алаш көсемінің өмірдерегін баяндаған «Қысқа-нұсқа» бейне таспа көрсетілді.

Нәтижесінде,Отанына адал қызмет жасағысы келетін, жүрегі қазақ деп соққан әр азамат Алаш тарихын,соның ішінде Алаш азаматының ұрпаққа қалдырған аманат-мұрасынан мол тағылым ала білді.