Онлайн кеңес беру

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ  кəсіби бағдар беру  жұмыстары аясындағы шаралар өз жалғастарын табуда. Осы орайда  үстіміздегі жылдың 13 мамырында  қабыллау комиссиясының ұйымдастыруымен тарих факультеті география жəне туризм кафедрасының меңгерушісі А.Əбденов жəне факультеттің кəсіби бағдар жұмысына  жауапты Г.Сулейменова талапкерлермен тікелей эфирде кездесу өткізді.  Жалпы мамандықтар, оның ішінде география, туризм мамандықтары бойынша талапкерлердің көкейтесті сұрақтарына жауап беріліп, мамандық таңдау жолында маңызды ақпарат кеңестер берілді.  Аталған мамандықтар ға жəне  жалпы университетке  қызығушылық танытып отырғандар саны көбейіп келетіндері қуантады.