Шеберлік сағаты

2021 жылдың 8-қаңтарында  Тарих факультетінде «Zhubanov  олимпиадасы» аясында  «Тарих және дінтану» кафедрасы тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Еспенбетова Айнагүл Мейрамбекқызы  «Тұлғалар тарихы- ел тарихы»  тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Шара мақсаты- ел тарихында өшпес ізі қалған тарихи тұлғалардың өнегелі істері мен мұраларымен таныстыра отырып, есімдерін ұлт жадында мәңгі сақтау. Шара барысында оқушылар танымдық-ақпараттық тапсырмалар (Мәтінмен жұмыс, «Суреттер сөйлейді», «Бейнефильм тартуы») орындалды және Ақтөбе өңірінің жау жүрек батырлары Бөкенбай Қараұлы, Есет Көтібарұлы, Есет Көкіұлы, Тілеу батырлар және қазақтың белгілі ғалымдары Құдайберген Жұбанов, Бекежан Сүлейменовтердің тарихтағы рөлі жайында ғылыми-танымдық мағлұматтар берілді. Шеберлік сағаты қызықты өтіп, оқушылар өткізілген шара бойынша пікірлерін ортаға салып, ризашылықтарын білдірді.