Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы Кафедра тарихы

Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Кафедра тарихы

Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы тарих факультетінің құрамындағы алдыңғы қатарлы кафедраларының бірі болып табылады. Кафедра университет қабырғасында қазіргі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің негізі Ақтөбе педагогикалық институты ашылған уақыттан бері оқу тәрбие, ғылыми бағыттағы қызметін атқарып келеді. 1966 жылы 15 сәуірде Қазақ ССР Министрлер кеңесінің бұйрығымен Ақтөбе педагогикалық институтының негізі қаланған. 1966 жылдың 2-ші маусымында институт өз қызметін бастаған, осы уақытта оқу орнында 10 кафедра ашылды. ЖОО кафедраларының қатарында бастапқы қоғамдық пәндер кафедрасы болып Марксизм-Ленинизм кафедрасы құрылды. Кафедра ашылған жылы кафедра меңгерушісі міндетін атқарушы қызметіне Н.Т. Володина бекітілген. Кафедра құрамында өзінің оқытушылық қызметін философия ғ.д., профессор А.Ә.Айталы, филология ғ.д., профессор Ә.Молдаханов сынды ғалымдар бастаған.

1970 жылы Философия және ғылыми коммунизм кафедрасы құрылып, оған философия ғ.д., профессор А.Ә. Айталы басшылық етті. 1970 – 1980 жылдарда, одан кейін де Ақтөбе педагогикалық институтына оқытушылық қызметке бірқатар жас мамандар қабылданған. Атап айтсақ М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің философия факультетінің түлегі С.А. Табанов, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия факультетінің түлегі А.Ж. Мұхамбетжан, Ленинград мемлекеттік университетінің философия факультетінің түлегі В.В. Шербаков, Киров атындағы мемлекеттік университеттің философия және экономика факультетінің түлектері, философия ғ.к., доцент Б.Қ.Қожамұратов, философия ғ.к., профессор О.Нұрғалиев, философия ғ.д., профессор Б.Ахан, аға оқытушы Б.С. Абдрахманова, Қ.Ш. Қарабалаев сынды білікті мамандар институтқа жұмысқа қабылданып, оқытушылық қызмет атқарған. 1984 ж философия ғ.д., профессор А.Ә. Айталы институттың факультет деканы қызметіне ауыстырылуына байланысты кафедраны философия ғ.к., доцент А.Ж. Мұхамбетжан басқарған.

1990-2014 жылдар аралығында кафедра бірқатар жетістіктерімен көрінді. Кафедра құрамы білікті ғалымдармен толыға түсті. Осы жылдар аралығында кафедраны философия ғылымдарының докторы, профессор А.Тайжанов, философия ғылымдарының докторы, профессор Б. Ахан, философия ғылымдарының кандидаты, профессор О. Нұрғалиев, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Б.Өтемісов, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Б.С. Шәпиев, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Х.Давлетьярова, философия ғылымдарының кандидаты, доцент М. Бозжігітова, философия ғылымдарының докторы, профессор Т.Х. Рысқалиев, философия ғылымдарының докторы, профессор Ә.А. Асаров, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Ж. Құрманбеков, философия ғылымдарының кандидаты Н.Ә. Нұрғалиев, философия ғылымдарының кандидаты, М.Г-Н. Габдсаттарова басқарды.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда кафедра атауы Философия және мәдениеттану кафедрасы болып өзгертілді. 1998 жылы университет ректоры, профессор К.К. Кенжебаевтың және философия ғылымдарының докторы, профессор А.Ә. Айталының бастамасымен университеттің тарих факультетінің құрамынан философия мамандығы және кафедра жанынан әлеуметтік философия мамандығы бойынша аспирантура ашылды. Қазіргі уақытта кафедрада 20 оқытушы қызмет атқарады, олардың ішінде 2 ғылым докторы, профессор, 7 ғылым кандидаты, доцент бар.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедраның профессор-оқытушылар құрамы:

  • Сәрсембин Үмбетқан Қуандықұлы – философия ғылымдарының кандидаты, кафедра меңгерушісі
  • Айталы Амангелді Әбдірахманұлы – философия ғылымдарының докторы, профессор
  • Каирова Бақыт Елубайқызы – философия ғылымдарының докторы, профессор
  • Давлетьярова Балжан Хамидоллақызы – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
  • Ғабдсаттарова Мукарама Ғабдел-Нағымқызы – философия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
  • Хусаинова Гүлжан Дәулетқалиқызы – философия ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.
  • Нұрғалиев Нұрбек Әбиболлаұлы – философия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
  • Мацюк Дмитрий Анатольевич – философия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
  • Кеңесов Асхат Алмасұлы – саяси ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
  • Ешниязова Айнұр Чапайқызы – г.ғ.магистрі, аға оқытушы
  • Симұқанова Гүлдариға Серікқызы – г.ғ.магистрі, аға оқытушы
  • Мухитов Орынбасар Мақсатұлы – PhD – докторант, оқытушы
  • Болысбаева Айнұр Қанапиқызы – PhD – докторант, оқытушы
  • Сәрсенова Әсем Жақсығалиқызы – г.ғ.магистрі, оқытушы
  • Жарасбаев Ерболат Есетұлы– г.ғ.магистрі, оқытушы
  • Утешова Гүлжанат Талғатқызы – г.ғ.магистрі, оқытушы
  • Аманиязова Бағдагүл Айтбайқызы – г.ғ.магистрі, оқытушы
  • Жалмаганбетова Амангүл Серікбайқызы – п. ғ.магистрі, оқытушы
  • Кулманова Айдана Аманбайқызы – г. ғ.магистрі, оқытушы

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы