Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы – Оқу және ғылыми қызметі
Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы
Оқу және ғылыми қызметі
1998-2010 жылдар аралығында М. Бозжігітова, Н.Ә. Нұрғалиев, Г.Д. Хусаинова, З.Т. Әбетова, Ү.Қ. Сәрсембин, Е.Е. Мұханбетқалиев кафедра жанынан ашылған 09.00.11 – Әлеуметтік философия мамандығы бойынша аспирантураның күндізгі және сыртқы бөлімдерінде оқып кандидаттық диссертация қорғаған.
Кафедра жанынан ашылған аспирантурада білім алған жас ғалымдардың ғылыми жұмыстарына жетекшілік еткен ғалымдар: философия ғылымдарының докторы, профессор А.Ә. Айталы, философия ғылымдарының докторы, профессор Ә.А. Асаров, философия ғылымдарының докторы, профессор Т.Х. Рысқалиев, философия ғылымдарының докторы, профессор А.Т. Тайжанов. Кафедра жанынан білім алған аспиранттар өздерінің ғылыми зерттеу жұмыстарын Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетінің Философия және саясаттану факультетіндегі және ҚР БҒМ Философия және саясаттану институты жанындағы Диссертациялық кеңесте сәтті қорғап шықты.
Қазіргі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы университеттің жарты ғасырға жуық тарихымен бірге (жарты ғасырға жуық уақыт аралығында) өзінің құрамына білікті кадрларды жинақтап, кәсіби білікті мамандарды шығарып отыр. Жоғарыда айтып өткеніміздей кафедрада еліміздің Ұлттық университетінен білім алған өзге де мамандар қызмет атқарды, әлі күнге дейін атқаруда. Атап айтсақ, философия ғылымдарының докторы, профессор Б.Е. Каирова, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Х. Давлетьярова, аға оқытушы Б.С. Нурпеисова, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.Қ. Сәрсембина, саясаттану ғылымдарының кандидаты А.А. Кеңесов, философия ғылымдарының кандидаты Д.А. Мацюк осы кафедрада оқытушылық қызметте жүріп Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетінде докторантурада және аспирантурада білім алды, ғылыми дәрежеге қол жеткізді.
Соңғы он жылдың көлемінде кафедра оқытушыларының ғылыми зерттеу, білім беру бағытында онға жуық ғылыми монографиялары мен оқу құралдары, жетпіске жуық ғылыми мақалалары жарық көрген, оның ішінде доцент Г.Д. Хусаинова, аға оқытушылар О.М.Мұхитов, А.Ч.Ешниязова және оқытушы А.К.Болысбаеваның мақалалары Scopus деректер қорына енгізілген журналдарда жарияланды.
Соңғы жылдар көлемінде кафедра бойынша жарық көрген ғылыми монографиялар:
- А.Айталы «Дін және діндарлық» (Қазіргі әлем мен Қазақстандағы дін және діндарлық мәселелері). – ҚРЖОО ассосиациясының баспасы, 2017. – 12 б.т.
- Сәрсембин Ү.Қ. Қазақ интеллегенциясы мәдени феномен ретінде. Монография. / «Жұбанов кітапханасы» сериясы. – Ақтөбе: «Жұбанов университеті» баспасы, 2018. – 170 б.
- Симұқанова Г.С. Нарықтық экономика. Жаһандану. Ұлттық мәдениет. Монография. / «Жұбанов кітапханасы» сериясы. – Ақтөбе: «Жұбанов университеті» баспасы, 2018. – 186 б.
- Сәрсембин Ү.Қ. Қазақ идеясының тарихи және мәдени кеңістіктегі таралымы. Монография. – Алматы: «Эверио» баспасы, 2020. – 170 б.
- Сәрсембин Ү.Қ. Қазақ мәдениетінің рухани тұғыры. Монография. – Алматы: «Эпиграф» баспасы, 2021
- Мацюк Д.А. Этика ненасилия в глобальном мире и жизни казахстанского общества. Монография. – Алматы: Издательство «Эпиграф», 2021
- Хусаинова Г.Д. Сущность и формы религии. Монография. – Алматы: Издательство «Эпиграф», 2021
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы