Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы – Жетістіктер

Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Жетістіктер

Университет қабырғасында ұзақ жылдар бойы оқытушылық және ғылыми бағытта еңбек еткен, ұзақ жылдар бойы басшылық қызмет атқарған профессор А.Ә. Айталы 1999-2008 жылдар аралығында екі мәрте мәжіліс депутаттығына сайланды. «Құрмет белгісі», «Парасат» және Үшінші дәрежелі Барыс орденімен марапатталды.

Университет тарихында он жылдан астам уақыт кафедраны басқарған тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Құрманбеков Беркін Жолмырзаұлы 2004 жылы Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің «Ең үздік кафедра меңгерушісі», 2009-жылы «Ең үздік ғылыми зерттеуші» атақтарына ие болды.

2014 жылы тарих ғ.к. доцент Б.Х. Давлетиярова білім саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткені үшін ҚР БҒМ тарапынан Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгімен марапатталды.

Кафедра оқытушылары жыл сайын «Өрлеу» ұлттық орталығында (Алматы қ.) біліктілікті арттыру курстарынан өтіп тұрады.

Шетелдік жоғары оқу орындарында оқытушылық тәжірибе алмасу мақсатында келесі кафедра оқытушылары біліктілікті жетілдіру курстарынан өтті: аға оқытушы А.С. Жалмағанбетова Португалия Республикасы Лиссабон Жоғары техникалық институтында, философия ғ.к., доцент м.а. Г.Д. Хусаинова Германияның Дюссельдорф қаласындағы халықаралық менеджмент және технология академиясында, г.ғ.магистрі, оқытушы Г.С.Симұқанова Испаниянын Валенсия политехникалық университетінде оқытушылық біліктілікті жетілдіру курстарынан өтті. Сонымен бірге бірқатар кафедра оқытушылары шетелдік университеттерде білім алған. А.Кулманова Түркияның Сакария университетінде магистратура бағдарламасын тәмамдаса, О.М.Мухитов Ресей Федерациясының Башкирия мемлекеттік университетінде, А.К.Болысбаева АКШ-тың Бригам Янг университетінде докторантура аясында ғылыми тағылымдама өткен.

Кафедра ғалымдарының ғылыми мақалалары Республикалық Ұлттық қоғамдық-саяси журнал «Ақиқат», «Айқап» журналдарында, «Мысль» республикалық қоғамдық-саяси журналында жариялануда. Философия ғылымдарының докторы, профессор А.Ә. Айталы, философия ғылымдарының кандидаты Ү.Қ. Сәрсембин – «Ақиқат» журналының тұрақты авторлары. «Ақиқат» журналында жарияланған кафедра ғалымдарының ғылыми-публицистикалық мақалалары негізінен мемлекет және дін, зайырлылық, діни экстремизм, ұлттық идея, ұлттық интеллигенцияның қалыптасу ерекшеліктер, ұлттық сана, тектілік мәселелерін зерттеуге бағытталған.

Кафедра ғалымдары халықаралық және республикалық деңгейде өткізілетін ғылыми конференцияларға, ғылыми шараларға белсене қатысуда. Соңғы он жылда Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы профессор А.Ә. Айталының, профессор Б.Е. Қаированың бастамасымен 7 халықаралық және республикалық конференция өткізді.

Философия ғылымдарының докторы, профессор Қаирова Бақыт Елубайқызының 60 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Қазақ мәдениетінің құндылықтық тұғыры» тақырыбындағы халықаралық конференция. Кафедра ұжымы еліміздің белгілі ғалымдарымен бірге.

2016-2019 оқу жылының барысында кафедра оқытушылары, атап айтсақ кафедра меңгерушісі Ү.Қ. Сәрсембин, философия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Н.Ә. Нұрғалиев, философия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Д.А.Мацюк республикалық, облыстық деңгейде жарияланған ғылыми конкурстарға қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алды. 2016 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастырылуымен өткізілген ғылыми конкурсқа ұсынылған ғылыми жоба негізінде философия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Н.Ә. Нұрғалиев, философия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Д.А.Мацюк республикалық деңгейде 1 орынды иеленді.

Кафедра ғалымдары ҚР ЖОО Қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізілген, яғни 2017 жылдың ақпан айында, Ел Егемендігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен қалыптасуына арналған Республикалық ғылыми шығармалар байқауына қатысып, «Үздік ғылыми мақалалар» номинациясы бойынша бірінші орынды иеленді. Атап айтсақ кафедра меңгерушісі философия ғылымдарының кандидаты Ү.Қ. Сәрсембин, философия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Д.А. Мацюк «Үздік ғылыми мақалалар» номинациясы ғылыми мақалалар топтамасы үшін дипломдармен марапатталды.

2017 жылдың мамырында кафедра оқытушылары Ақтөбе облыстық әкімдігі және жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Жас ғалым 2017» конкурсына өздерінің ғылыми жобаларын ұсынды. Кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Ү.Қ.Сәрсембин 3 орынды иеленді.

Кафедра ғалымдарының халықаралық, республикалық ғылыми конференцияларға, семинарларға тұрақты қатысады. 2015 жылдан бастап кафедра меңгерушісі Ү.Қ. Сәрсембин «Саясаттанушылар конгресі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе филиалының директоры, Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми сараптамалық тобы төрағасының орынбасары, кафедра оқытушылары ф.ғ.к., аға оқытушы Н.А.Нұрғалиев, ф.ғ.к., аға оқытушы Д.А.Мацюк, саясаттану магистрі О.М.Мұхитов Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми сараптамалық топ мүшелері болып табылады.

Философия ғылымдарының докторы, профессор А.Ә. Айталы 2016 жылдың мамыр айында білім және ғылым саласындағы еңбегі үшін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 50  жылдық медалімен 2016 жылдың желтоқсан айында  тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай медалмен  марапатталды.

2016 жылдың 26 қазанында Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясындағы «Этникалық және конфессияаралық қарым-қатынастарды зерттеудің өзекті проблемалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық семинарда кафедра оқытушылары баяндамалар оқыды. 2016 жылы кафедра Ақтөбе облысының кәсіподақтарының бірлестігінің Құрметті грамотасымен марапатталды, Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыс әкімі Б.Сапарбаевтан республиканың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хат берілді.

Кафедра оқытушыларының ішінде философия ғылымдарының докторы, профессор Б.Е. Қайырова, философия ғылымдарының кандидаты, доцент А.Ж.Мұқанбетжан, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Х. Давлетиярова, философия ғылымдарының кандидаттары Ү.Қ.Сәрсембин, М. Ғ-Н. Ғабдсаттарова, Н.Ә. Нұрғалиев, Г.Д. Хусаинова, Д.А. Мацюк және аға оқытушы Б.С. Нурпеисова Білім және ғылым саласындағы еңбегі үшін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 50  жылдық медалімен марапатталды.

Соңғы бес жылдың барысында кафедра оқытушылары Халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейде өткізілген конференцияларда 50-ға жуық баяндамалар жасаған. Қатысқан конференциялардың басым көпшілігі Қазақстанның жаңа кезеңдегі білім беру саясаты, тарих, мәдениеттану бағытында болып табылады. Сонымен қатар Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ Конфуцзы институтының ҚХР ЖОО бірлесе отырып ұйымдастырған халықаралық ғылыми жинаққа кафедра оқытушылары 10-ға жуық мақалалар әзірледі.

ҚХА және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы соңғы он жылда 10 аса монографияны жарыққа шығарды, соның үшеуі  2019-2020 жылдары жарияланды.  Кафедра оқытушылары мен ҚХА облыс аудандарында Президент Жолдауын қоғамдық талқылау мақсатында 10 аса кездесулер өткізіп, Егемен Казакстан», «Казахстанская правда», «Қазақ үні», «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Аbai. Kz» порталында 20 аса мақала жариялады.

2019 жылы аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты М.Г-Н. Габдсаттарова жоғары білім беру жүйесін дамыту мен Қазақстан ЖОО-ларына арналған заманауи оқу-әдістемелік әдебиетін даярлағаны үшін Республикалық ЖОО аралық электронды кітапхананы электронды кітапхананың мадақтамасымен марапатталды.

2020 жылы кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Ү.Қ.Сәрсембин, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Х.Давлетьярова және философия ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Г.Д. Хусаинова университеттің 85 жылдығына орай аталмыш ЖОО-ның дамуына қосқан үлестері үшін мадақтама қағаздарымен марапатталды.

Сонымен бірге кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Ү.Қ.Сәрсембин «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалімен, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Х.Давлетьярова «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталды.

2022 жылдың 5 желтоқсанында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті «Құдайберген Жұбанов» конференц-залында Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы Тайжанов  Алтай Тайжанұлы мен  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының аға оқытушысы,  гуманитарлық ғылымдар магистрі  Симұқанова Гүлдариға Серікқызының  «Философия» оқулығының тұсаукесер рәсімі өтті.

Философия пәнінен ҚР Ғылым және жоғары білім Министрлігі бекіткен соңғы Типтік Бағдарламаға сәйкес дайындалып және РОӘК ОӘБ грифімен баспадан шығарылған алғашқы оқулық.  Оқулық Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушыларына, магистранттарына, студенттеріне  пайдалануға арналып, Министрлікпен ұсынылған.

Шараға университет проректорлары мен профессорлық-оқытушылық құрам және қаламыздағы жоғары оқу орындары өкілдері қатысты.

Кіріспе сөзде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Басқарма мүшесі – Ғылым және инновациялар жөніндегі проректор, тарих ғылымдарының  докторы,  «Тарих және аймақтану» кафедрасының профессоры Бекназаров Рахым  Ағыбайұлы: «Оқулық үлкен шығармашылық еңбектің, ізденістің нәтижесі. Университетімізде кітаптың тұсаукесері жиі өткізіліп, сол тұсаукесерде кітап мазмұны талқылану керек. Бұл оқулықтың авторларының бірі Алтай Тайжанұлы республикаға танымал профессор болса,  екінші автор Гүлдариға Серікқызы бұған дейін бірнеше кітаптары, көптеген ғылыми мақалары жарық көрген тәжірибелі адамдар. Профессор  Алтай Тайжанов  біздің университетіміздің дамуына зор үлес қосқан, студенттерімізге ұлттық мәдениетімізге, дүниетанымызға,  философиямызға негізделген  білім мен тәрбие берген ғалым-ұстаз.   Ол 1991 жылы Ректор,  профессор М.Арыновтың шақыруымен   университетімізде (сол кездегі Пед. институт) жаңа «Этнопедагогика және мәдениеттану» кафедрасын ашуға шақырылды. Ол кезді  бұндай кафедра Республика бойынша біздің Ақтөбеде алғаш рет ашылды. Сонан бастан біздің университетте 2013 жылдарға дейін жұмыс жасады. Аталған жылдар ішінде кафедра меңгерушісі, Ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор, кафедра профессоры, «Этномәдени білім мен тәрбие беру» орталығының директоры қызметтерін атқарды. Жалпы республика бойынша қазақ философиясының дамуына зор үлес қосып жүрген ғалым», – дей келе, жаңа кітаптың тұсаукесерімен авторларды құттықтады.

Келесі сөз кезегі оқулық авторларына беріліп,  профессор Алтай Тайжанұлы мен Гүлдариға Серікқызы  оқулықтың  әрбір тақырыбы  дәстүрлі түрде де, қашықтан оқытуға да ыңғайланып жазылғанына, алғаш рет Егемен, Тәуелсіз Қазақстанның жаңа философиясын ұғындыру мақсатында оқулықтың барлық тақырыптарында  ұлттық компоненттер сапалы жүйеленіп енгізілгеніне тоқталды. Авторлар осындай шараны өткізуге мұрындық болған университет басшылығына, ұжымына  алғыстарын жеткізді.

Осыдан кейін тұсаукесер рәсіміне кезек берілді. Кітаптың қызыл лентасын ф.ғ.д., профессор Амангелді Айталы мен ф.ғ. к. Нұрбек Нұрғалиев кесті.

Сонымен қатар тұсаукесер рәсімінде ф.ғ.д., профессор  А.Ә.Айталы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Басқарма мүшесі – Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор, ф.ғ. кандидаты Е.Е. Муханбеткалиев, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің «Әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының жетекшісі,  т.ғ.к., доцент Төлепбергени Ж.Т., «Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ. кандидаты Ү.Қ.Сәрсембин, т.ғ.к., доцент Б.Х.Давлетьярова, ф.ғ.к., доцент Г.Д.Хусаинова  профессор А.Тайжанов пен Г.Симұқанованың «Философия» оқулығы жайындағы пікірлерін ортаға салды.

Презентация үстінде  университетіміздің  «Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының меңгерушісі  Ү.Қ.Сәрсембин оқулықтың  авторларының бірі, Республикамызға танымал  белгілі ғалым, профессор Алтай Тайжанұлының   университетімізге  келуіне байланысты осы күннен ескерткіш ретінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде  жұмыс жасайтын шәкірттерінің атынан арнайы салдырылған осы кісінің портретін сыйға тартты.

Сондай-ақ, шара барысында «Философия» пәнінен кітаптар көрмесі ұйымдастырылып және тұсаукесер рәсімінде Музыкалық білім мамандығының 2 курс студенттері күй мен ән орындап, өз өнерлерін көрсетті.  Көрмеге авторлардың  еңбектері, философияға қатысты кітаптар, мерзімді басылымдар қойылды.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы