Отан тарихы және тарихи пәндер кафедрасы – Оқу және ғылыми қызметі

Отан тарихы және тарихи пәндер кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Оқу және ғылыми қызметі

Академиялық ұтқырлыққа байланысты 2012 жылы студенттер  Г.Мәмбетова мен  А.Нартай әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-де, 2013 жылы А.Ғаббасова Л.Гумилев атындағы Евразиялық ҰУ-де бір семестр бойы оқып қайтты.

2014-2015 оқу жылының ІІ жартыжылдығында 3-курс студенттері Ә.Ердәулетова АҚШ-тың Теннеси технологиялық университетінде, А.Ғаббасова мен А.Күшікбай Болгарияның София университетінде білім алып қайтты.

2018-2019 оқу жылында 2 курс студенті А.Сүлейменов Түркияның Кастамону университетінде академиялық ұтқырлықпен 1 семестр оқып қайтты.

2013 жылы студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық, республикалық ғылыми конференция, жарыстарында Г.Мәмбетова (Алматы, Ақтөбе), Н.Биктасова (Тараз,Ақтөбе) 2 орын алды.Студенттер Г.Мәмбетова мен А.Нартай 2013 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң магистратурасына гранттық негізде оқуға түсті.

Кафедра оқытушыларының жетекшілігімен студенттер республикалық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды және түрлі халықаралық ғылыми жарыстарда марапатталды, ғылыми мақалалары жарық көрді. Атап айтқанда, Г.Мәмбетова 2012 жылы студенттердің республикалық пәндік олимпиадасында 3-орыннан көрінсе, 4-курс студенті Әйгерім Әжіғалиева Ресей және Қазақстанның жас ғалымдарының ІІ Халықаралық конкурсында бірінші орынды иеленді (2016ж).

2015-2016 оқу жылында 5В020300-Тарих мамандығының 4-курс студенті Н.Тілегенов Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 24-жылдығына арналған облыстық шығармалар байқауынан бас жүлде иеленіп, облыс әкімі грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар,  5В020300-Тарих мамандығы бойынша өткізілген республикалық пәндік олимпиадаларда кафедра оқытушылары дайындаған студенттер екі жыл қатарынан (2016,2017) командалық есепте ІІІ орын иеленді.

Қазіргі таңда кафедра оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми жұмыстарды одан әрі дамыту мақсатында жұмыс жасауда.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы